Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы ортақ ұстанымдарын нақтылады

cover Фото: Ақорда

Қазақстан президенті қазақ-қырғыз ынтымақтастығының оң қарқын алып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді өзара іс-қимыл ықпал етіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.      

Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика бағыттарындағы әріптестіктің серпінді дамып келе жатқанына назар аударды.

Екі ел басшылары достыққа, стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа туралы айтып, бұл бастамалар елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайтынын жеткізді. Өз кезегінде Қырғызстан президенті Қазақстандағы ауқымды жаңғыру үдерістеріне қолдау білдірді.

Мемлекеттер басшылары өңірлік ықпалдастық мәселелері бойынша ұстанымдары ортақ екенін растады.

Қазақстан президенті Бішкекте өтетін ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының табысты ұйымдастырылуына тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтау және қырғыз мемлекеттілігін нығайту бағытындағы бастамаларын жоғары бағалады.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар