Тараздағы жарылыстан кейінгі мектептер хәлі белгілі болды

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімшеде орын алған жарылыс салдарынан жақын маңдағы ауыл ғимараттары зардап шекті. Ертең 1 қыркүйек күні жарылыс болған аймаққа жақын орналасқан елді мекен оқушылары не істейді? Ауыл мектептері оқушыларды қабылдауға дайын ба?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін Orda.kz редакциясының журналисі бірнеше ауылдарды аралап, жағдаймен танысып қайтты.

Инжинерлік оқ-дәрілер жарылған аймаққа жақын орналасқан Қайнар ауылы. Қайнар ауылындағы қазіргі жағдай әлі де тұрақсыз. Елді мекен адамдары үйлеріне толық орналасып үлгермеген. Бұл мекенде мектеп ғимараты әуелден болмаған. 18 оқушы Амангелді орта мектебіне келіп оқиды. Оның ішінде 1 сыныпқа – 1 оқушы, 2 сыныпқа – 2 оқушы, 3 сыныпқа – 2 оқушы, 4 сыныпқа – 5 оқушы, 5 сыныпқа – 2 оқушы, 6 сыныпқа 3 оқушы, 7 сыныпқа – 3 оқушы келеді. Тасымалдау ұйымдастырылған.
Келесі ауыл – Жібек Жолы ауылы. Ауылдағы саманнан соғылған мектеп 1958 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда сыйымдылығы 80 орын. 2021-2022 оқу жылында мектеп табалдырығын 114 оқушы аттамақшы болған. Қазіргі таңдағы жағдайға байланысты балалар басқа мектепке қатынауға мәжбүр.

Себебі оқу бөлмелерінің төбелері құлаған, қабырғалары жарылған, терезелері сынған. Жалпы балалар үшін қауіпті деуге болады. Енді №5 орта мектебінің 114 оқушысы 7 км қашықтықта орналасқан Жаңатұрмыс орта мектебіне ІІ ауысымға тасымалданып оқитын болады.
Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектеп Жібек Жолы ауылынан қатынап оқитын 114 оқушыны қабылдауға дайын екендерін жеткізді.

Жарылыстан зардап шеккен үшінші ауыл – Үшбұлақ. Бұл ауылдағы мектеп көрінісінің жағдайы да алдыңғы мектептермен ұқсас. Әйнектер шашылған, қабырға шытынаған. Дегенмен айтарлықтай қауіп жоқ. Мектеп меңгерушісінің айтуынша, шытынаған, қираған жерлерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ауылдағы бастауыш мектебінде бас-аяғы 16 бала оқиды. 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпқа оқуға келгендер жоқ.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- Ақтөбеде сүйіктісінің әке-шешесін пышақтаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Mudarabah қаржы пирамидасы: вайнер Шерниязов колониядан босап шықты
- Еститін үкіметке: Арал тұрғындарының тауқыметі және «Аралтұз» қараша халықты сорлатып отыр ма?
- Балаларының көзінше әйелін өлтіріп, терезеден секірген ер адам есін жиды
- Сотталушыларға адвокатпен және дәрігермен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілді
- Тоқаев пен Назарбаев Лукошенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Жаркент гарнизоны: Прокурорлар офицерді бұйрықпен өлтірген әскерилерге 16 жылға дейін жаза сұрады
- Бұрынғы вице-министрлер БНБ бас директорынан пара алып жатқанда ұсталды
- «СК-Фармация» ЖШС-де басшылық ауысты
- Касса қызметкерінен төрағалыққа жету: «ҚТЖ»-ның жаңа басшылығына кім тағайындалды?
- Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды
- «Ашық тергеу және өтемақы»: Әзірбайжан Ресейге ресми түрде талап қойды
- Бали жағалауында кеме суға кетіп, 40-тан астам адам із-түзсіз жоғалды
- «Белдікпен буындырды»: Маңғыстауда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасады
- Атышулы P. Diddy төрт бап бойынша ақталды
- ҰҚК Антикор бойынша түсініктеме берді
- «Ұлттық рухты асқақтатты»: Талдықорғанда 5000 адам жаңа рекорд орнатты
- Әзірбайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
- Өз-өзіне қол жұмсады: Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлады
- Көші-қон саясаты: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді