Сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушыға қатысты тың дерек

cover фото: pixabay.com

Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, қорқытып, бопсалап, есірткі бергені анықталған еді. Бұл қылмысқа күдікті қыздың сыныптастары деген болжам бар. 

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады.

«Бүгін аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл зардап шеккен қызбен және оның отбасымен кездесті. Қазіргі уақытта облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары оған қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетіп жатыр. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл жағдай ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қатаң бақылауында деді», — ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Еске сала кетейік, Orda.kz  Қызылордадағы мектеп оқушысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, қорқытқаны туралы жазған болатын. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар