Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына күдікті кеден қызметкері Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
Бейнеден кадр
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Испания Корольдігіндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен Барселона қаласынан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды және қызметтік қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.
Ол 2020 жылы кеден органы қызметкері болған кезінде ақпараттық базаға жалған мәліметтер енгізу арқылы сегіз автокөлік иесін кедендік баж салығын төлеуден заңсыз босатқан деген күдікке алынып отыр. Нәтижесінде мемлекет бюджетіне келтірілген шығын 45 миллион теңгеден асқан.
Аталған тұлға үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған. Кейін ол Испания аумағында ұсталған.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған тағылған қылмыстар үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы көзделген.
Дәл осылай Швеция билігі Қазақстанға жалған шетелдік банкноттарды ірі көлемде сатты деген күдікті әйелді экстрадициялады. Тергеушілердің мәліметінше, күдікті 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың қаңтары аралығында Қазақстандағы банктердің бірінің қызметкерлерінің көмегімен жалған еуро банкноттарын заңсыз айырбастаған.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Тұтқындағы дауыс: Ирак түрмесіндегі алты әйел Қазақстан билігінен көмек сұрайды
- Ақжарқын Тұрлыбайды қайтару үшін Нигерия азаматын экстрадициялау жолдары қарастырылып жатыр
- Алдап алып кетті: Күйеуі Дина Таңсәрі қалай ұсталғанын айтып берді
- Германияға қашқан прокурор Дүйсеновтің қолында қандай маңызды дерек бар?
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады