Сотталушыларға адвокатпен және дәрігермен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілді
Фото: Orda.kz
11 шілдеден бастап түрмелерде қатаң режимде жатқан және тәртіптік изолятордағы сотталғандарға адвокатпен телефон арқылы сөйлесуге және медициналық кеңес алуға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ІІМ ішкі тәртіп қағидаларына енгізілген өзгерістер арқылы жүзеге асып отыр. Түзетулер Конституциялық Соттың 2024 жылғы шешімін орындау мақсатында қабылданған.
«11 шілдеден бастап «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі. Бұл түзетулер сотталғандардың заңгерлік және медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің түрмеде денсаулығы қатты нашарлады. Тіпті отырудың өзі қиындаған. Ол соған қарамастан түрме қызметкерлері жұмысқа салып, «көнбіс» қылу үшін қысым көрсетіп жатқанын айтты. Мұхаммедкәрім сот үкімімен белгіленген 2 жыл 8 айдың бір бөлігін өтеп үлгерді. Әкімшілік оны жазаның жеңілдетілген режиміне көшіру туралы хабарлағанымен, белсенді бұл ұсыныстан бас тартқан.
Сондай-ақ, Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев марафоншының сегізінші рет аштық жариялауына не себеп болғанын айтып берді. Қазақстан билігі Марат Жыланбаевты «саяси тұтқын» деп есептемейді. Марат Жыланбаев колонияда жиі аштық жариялайды. Оған жүгіруге, сурет салуға тыйым салынған. Адвокаты белсендінің құқығы тапталып жатқанын бірнеше рет айтты.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды