Сот Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының банкрот деп тану жөніндегі өтінішін қайта қарайды
Коллаж: Orda.kz
Алматы соты Данияр Хасеновтің өтініші бойынша материалдарды қайта қарауға жіберді. Әлия Назарбаеваның бұрынғы жұбайы өзін банкрот деп тануды талап етіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Өткен жылдың 6 қазанында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан еді. Назарбаевтар әулетінің бұрынғы туысы бұл шешіммен келіспей, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын жоюды және істі қайта қарауға жіберуді сұрап жеке шағым түсірген. Сот оның өтінішін қанағаттандырды.
«Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының 2025 жылғы 6 қазандағы ұйғарымы күшін жойсын. Хасенов Данияр Пернебекұлының банкрот деп тану туралы өтініші бойынша материалдар бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберілсін» деп жазылған сот актісінде.
Хасенов өтінішінде өзінің иелігінде мүлік жоқ екенін және кредиторлардың мүддесіне зиян келтіретін мәмілелер жасамағанын мәлімдеген.
Бұған дейін Бостандық аудандық соты Хасеновтің кредитормен келісуге және қарызды реттеуге әрекет жасағанын дәлелдейтін құжаттарды тапсыру үшін белгіленген 12 айлық мерзімді өткізіп алғанын көрсеткен. Осы негізде сот оны банкрот деп танудан бас тартқан.
Бұған дейін Orda.kz сот деректер базасына сілтеме жасай отырып, Хасеновтің 2000-жылдары өзіне тиесілі компаниялардың ірі несиелері бойынша кепілгер болғанын хабарлаған.
Айта кетейік, Астана соты судья Әсел Досаеваға мас кезінде жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін айыппұл салды. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашаға қараған түні болған еді.
Жаңалықтар
- Тоқаев пен Трамп жақын арада қайта жүздеседі
- Air Astana басшысының жұбайы туыстарына жеңілдікпен билеттер алған
- Алматы облысында болған жол апатынан тағы бір үндістандық студент көз жұмды
- Екібастұзда тұрғын үйден өрт шығып, 41 жастағы ер адам көз жұмды
- Баласының еміне 1,5 млрд теңге жинап, ақшаны жеке мақсатқа жұмсаған ерлі-зайыпты сотталды
- Қызылордада ер адам көршілерін пышақтап тастады
- Алматыда актер Мұрат Бисенбинмен қоштасты
- Әйелдің жаны, үш отбасының қасіреті: Айзат Жоломанованың ісі бойынша соңғы сот отырысында ақиқат ашылды ма?
- ШҚО-да дәл Рождество күні бірнеше адамның өлімі тіркелген
- Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның анасы ұлын жақтап шықты
- Шымкенттегі сарбаздың қазасы: Істі Бас әскери прокуратура өз бақылауына алды
- Талдықорғанда Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген күйеуі 14 жылға сотталды
- Сот Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының банкрот деп тану жөніндегі өтінішін қайта қарайды
- Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Атырау облысындағы жұмбақ өлім: Бүтін бір отбасын жайратып салған күдікті «Самурай» кім?
- «Адамзатты жаңа деңгейге жетелеу»: Назарбаевтың немересі өзін тәлімгер ретінде жариялап, рухани жоба бастады
- Полиция жоғалып кеткен отбасының ісі бойынша атыраулық «хакерді» іздестіруде
- Жүргізуші куәлігінсіз мас болып көлік тізгіндеген елордалық судья айыппұлмен құтылды
- Жамбыл облысында мерзімді қызметкердің жарақаттануына қатысты қылмыстық іс қозғалды