Солтүстік Қазақстандағы жабайы үйректерден құс тұмауы анықталды

cover © Fotolia / jedsadabodin

Солтүстік Қазақстанда жергілікті тұрғындар көл жағасындағы өлі үйректерді тапты. Анықталғандай, олар құс тұмауымен ауырған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Құс тұмауы Айыртау ауданында табылды. Құстар Саумалкөл жақта қырылған. Ветеринарлық қызмет қажетті зерттеулер жүргізді.

– Нұр-Сұлтан қаласында жасалған зерттеу хаттамасына сәйкес, қырылған үйректерден құс тұмауы табылды. Ауданда үй құстарының індет жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ, - деді мамандар.

Ветеринарлардың айтуынша, әзірге өлген құстың саны көп емес. Сондықтан карантиндік шаралар енгізбеуге болады.

Бірақ көлдің жанында тұратын тұрғындарға үй құстарына екпе салуға кеңес берілді.

Еске салсақ, 2020 жылы күзде мұнда құс тұмауы өршіп, 200 мың құс қырылған. Жабайы құстар әкелген індеттен жергілікті құс фабрикасы шығынға батқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар