Солтүстік Қазақстандағы кеселден ауыл тұрғындары малсыз қалуы мүмкін
Қазақстанның солтүстігінде бруцеллез ауруы бірден бірнеше ауданда байқалды. Қазірдің өзінде ауруға шалдыққан сиырлардың саны былтырғыдан 10 есе көп. Ауыл тұрғындарының малдары жаппай тәркіленіп жатыр. Олар жалғыз табыс көзінсіз қаламыз ба деп алаңдаулы. Ветеринарлық қызмет ауруды сонау көктемде тіркеген. Бірақ оны әлі де алдын ала алмай жатыр.
Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Ауыл тұрғыны Маргарита Кучерова өзінің екі сиырына ауру диагнозы қойылып, союға алынғанын айтты. Әйелдің айтуынша, бәрі көктемде жергілікті фермерден 30-дан астам ауру сиыр анықталған кезде басталған.
– Толмачевкада, Асановода толық үнсіздік, ветеринарлық станция үнсіз. Неге олар дабыл қақпай отыр? Неге карантин жариялап, аулаларды тазаламайды? - деді Михайловка ауылының тұрғыны Маргарита Кучерова.
Ауыл тұрғындарының күнделікті өмірі қорқынышқа толған. Себебі, кесел кімнің ауласына келетіні белгісіз. Олар бруцеллез ауруының өршуіне сенбейді. Себебі неге билік карантин енгізбей жатыр дейді. Адамдар осылай жағдайды қиындатып, етті төмен бағамен сатуға мәжбүрлеп жатыр деген ойда. Өйткені ауру малды өз бетімен сойып, өзіне қалдыруға болмайды. Оны еш қиындықсыз тәркіленіп, ет комбинаттарына жіберіледі.
– Менің ойымша, нарықта ет жетіспейді. Сұраныс өсіп, халықты қымбат баға тоқтатпайды: етті сол күйі сатып ала береді. Кімнің қорасы малға толы болса, соларды бір сілкіп алу керек деп ойлайтын шығар, - деді Михайловка ауылының тұрғыны Светлана Грибова.
Асаново ауылында да ұқсас жағдай кездеседі. Евгений Маргердің сегіз сиырын алып қойған. «Мал шаруашылығы - отбасымның жалғыз табысы», - дейді ер адам. Енді төрт баланы қалай асырау керектігін отағасы білмей, басы қатып отыр.
– Мен осының кесірінен жарты миллионнан астам шығынға ұшырадым, жалпы алғанда, олар меннен сегіз басты тәркілеп алды. Бізден оларды әр килограмын 700 теңгеден алып кетеді. Бағасы қымбат. 1200-ден, жас малды 1600-дан сатады. Ең қызығы бізден 700 теңгеден алады ғой. Бір қулық бар сияқты, әр ауылдан аз аздан мал шығарып жатыр, - дейді Асаново ауылының тұрғыны Евгений Маргер.
Неге ауыл карантинге жабылмады?
Қызылжар өңірінің ветеринарлары төрт ауылдан тұратын Асанов ауылдық округінде бруцеллез ауруының көрсеткіші биыл 10 есеге артқанын айтты. Тек соңғы айларда 50-ге жуық жағдай анықталды. Мамандар аурудың өршуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандарын алға тартты. Олар тіпті ауылдарды карантинге жабуды жоспарлап отыр. Бірақ тұрғындар мұны бірінші рет естіп отыр.
– Зерттеу нәтижесі бойынша 9 шілдеде Плоское ауылында және 10 қыркүйекте Толмачевка ауылында карантиндік шектеулер енгізілді. Содан кейін біз толық дезинфекция жүргіземіз. Зертхана арқылы дезинфекцияның сапасын тексереміз, - деді Қызылжар ветеринарлық станциясының директоры Ербол Багенов.
Мамандар аурудың күрт өсуі жануарлардың бақылаусыз қозғалысына байланысты деп санайды. Есіл ауданында да бруцеллез ауруы тіркелді. Онда жыл басынан бері 125 ауру мал анықталды. Енді облыста әр сиыр жоспарлы түрде тексеріледі.
Жаңалықтар
- «Құралайдың салқыны»: Мамыр айында күн суыта ма?
- Тоқаев: Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз
- Ауыр жүк көліктеріне елді мекендердің ішінде жүруге тыйым салынады
- Қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдерінен эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалды
- Үкімет Алатау қаласы үстінен ұшып жүрген ұшқышсыз аппарат жайын түсіндірді
- Құрбандыққа мал таңдау: Онлайн құрбандық қалай шаламыз?
- Трамп сапарынан кейін ЕО Қытайға экономикалық тәуелділіктен қаша бастады
- «Ақтөбе» ФК матчына барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды
- Қыз үндемесе — келіскені: Талибан балалар некесіне жол ашты
- СҚО-да әкім өз-өзіне қол жұмсады
- Алматы облысындағы саяжайда ірі көлемде есірткі дайындағандар сотталды
- Беларусь ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бойынша жаттығуларды бастады
- Иран байытылған уранын АҚШ-қа емес, Ресейге бермекші
- Алматыда жігіттерді көшеден ұстап әкеткен: Әскери комиссариат түсініктеме берді
- ДСМ қазақстандықтарға хантавирус қаупіне қатысты ескерту жасады
- «Орталық Азия – Қытай» форматы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде нақты шешім үлгісі болады
- Негізгі тестілеуден бір апта өтпей жатып 86 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды
- «Әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Заңгер рейдтердің қай жері заңды, қай жері заңсыз екенін түсіндірді
- Қазақтың дауылпаз ақыны Олжас Сүлейменов 90 жасқа келді
- Қатаң жазаға дайынмын: Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмысын мойындады