Шымкентте қыз түсінде зорланып, қылмыскерді өңінде жауапқа тартқан

Апелляциялық сот Шымкентте сегіз жасар қызға қысым көрсетті деп айыпталған жасөспірімге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Күні бұрын 16 жасқа толған жігіт бес жылын колонияда өткізуі керек. Алайда оның ата-анасы ғана емес, жәбірленушінің анасы да баланың кінәсіз екенін мәлімдейді.
Бұл туралы Orda.kz Литерге сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға бір жыл бұрын болған. Қыздың отбасы Әділовтер үйінен бөлме жалдап тұрған. Бір күні қыз анасына үй иесінің 15 жасар ұлы оған тиісіп жатқанын айтқан. Әйел бірден полиция шақырып, жігіт қамауға алынған.
– Біз бәрін дәлелдедік, сараптама нәтижесі оның қызға қол тигізбегенін көрсетті. Бірақ сот ол нәтижеге қарамады. Бізде, Шымкентте әділеттік жоқ. Аль-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкері менің хабарымсыз кіріп, баламмен сөйлесті деп естідім. Содан кейін олар «ештеңе болмады, сені жібереді» деп алдап, оны қол қоюға мәжбүрлеген, - деді жас жігіттің анасы Айнұр Әділова соттан кейін.
Арыз жазған әйел де ойланған. Ол «қызым түс көрген» деп мәлімдеді.
– Оқиғадан 10 күн өткен соң, қызым менен көршінің баласы қайда екенін сұрады. «Ол түрмеге қамалды, саған тиісті ғой» деп жауап бердім. Сонда менің қызым мұның бәрі түсінде болғанын айтты. Түсімен бөліскеніне өкінді, - деді Айгүл.
Әйел тергеушіге барып, арызды қайтарып алғысы келгенін айтты. Бірақ ол жалған айыптау үшін оны 10 жылға бас бостандығынан айырамыз деп қорқытқанын айтты.
Осының бәріне қарамастан, судьялар «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша жазаны күшінде қалдыру туралы шешім қабылдады.
– Біз барлық тараптардың дәлелдерін ескердік. Сот алқасы жәбірленуші тараптың айғағының өзгеруін сыни тұрғыдан қарап, оны сотты адастыруға деген ниет деп тапты, - деді қалалық қылмыстық сотының төрағасы Ербол Жанғазин.
Баланың туыстары Жоғарғы сотқа шағымданбақ.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде сүйіктісінің әке-шешесін пышақтаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Mudarabah қаржы пирамидасы: вайнер Шерниязов колониядан босап шықты
- Еститін үкіметке: Арал тұрғындарының тауқыметі және «Аралтұз» қараша халықты сорлатып отыр ма?
- Балаларының көзінше әйелін өлтіріп, терезеден секірген ер адам есін жиды
- Сотталушыларға адвокатпен және дәрігермен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілді
- Тоқаев пен Назарбаев Лукошенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Жаркент гарнизоны: Прокурорлар офицерді бұйрықпен өлтірген әскерилерге 16 жылға дейін жаза сұрады
- Бұрынғы вице-министрлер БНБ бас директорынан пара алып жатқанда ұсталды
- «СК-Фармация» ЖШС-де басшылық ауысты
- Касса қызметкерінен төрағалыққа жету: «ҚТЖ»-ның жаңа басшылығына кім тағайындалды?
- Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды
- «Ашық тергеу және өтемақы»: Әзірбайжан Ресейге ресми түрде талап қойды
- Бали жағалауында кеме суға кетіп, 40-тан астам адам із-түзсіз жоғалды
- «Белдікпен буындырды»: Маңғыстауда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасады
- Атышулы P. Diddy төрт бап бойынша ақталды
- ҰҚК Антикор бойынша түсініктеме берді
- «Ұлттық рухты асқақтатты»: Талдықорғанда 5000 адам жаңа рекорд орнатты
- Әзірбайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
- Өз-өзіне қол жұмсады: Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлады
- Көші-қон саясаты: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді