Шығыс Қазақстанда көршісі екі зейнеткерді қасақана өлтіріп кеткен

cover Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында ер адам екі зейнеткерді пышақтап кеткен.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Облыстық полиция істің мән-жайымен бөлісті.

Олардың айтуынша, қайғылы оқиға 25 қаңтарда Прибрежный ауылында орын алған.

– Үйде еденде зорлықпен өлтірілген үй иелерінің жанып кеткен мәйіттері (83 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адам) жатқан. Олардың денелерінде пышақ жарақаттары болған. Бұл факті бойынша жедел түрде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында жедел қызметкерлер 8 ай ішінде оқиғаның барлық мән-жайын мұқият зерттеген, - дейді полицейлер.

Күдікті қазан айында ұсталды.

– Күдікті зейнеткерлерді жек көретін 37 жастағы ер адам болып шықты. Қылмыскер оларды өлтіргеннен кейін, үйлерін өртеп, өзі оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деді ШҚО полиция бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Күдікті, егер сот оны кінәлі деп тапса, 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар