Шопан даладан зымыранның сынықтарын тапты

cover

Атырау облысында шопан зымыран сынықтарын тапты.

Сүйіндік ауылынан үш шақырымдай жерде мал бағып жүрген шопан белгісіз оқ-дәрі тауып алған. Полиция бұл факті бойынша тергеуді бастады.

«Қазіргі уақытта Құрманғазы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Атырау облысы ІІД «Арлан» арнайы жасағының саперлары оқиға орнына Атырау қаласынан шығып кетті» деп хабарлайды Atyrau Press.

Зымыранның аты мен техникалық сипаттамалары әлі анықталып жатқаны нақтыланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар