ШҚО: қағандар бейнеленген алтын тәж артефактілер табылды

cover

Тарбағатай ауданында «Елеке Сазы» қорғанын қазу кезінде ежелгі түркі дәуірінің бірегей алтын артефактілері табылды.

Бұл туралы Orda.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін археологиялық қазба жұмыстары кезінде мұндай көне жәдігерлер кездеспеген.

– Екі күн бұрын ғана белгілі археолог Зейнолла Самашев Тарбағатай ауданында қағанат басшылары бейнеленген алтын тәж артефактілерін тапты. Бүгінгі күнге дейін археологиялық қазба жұмыстары кезінде мұндай көне жәдігерлер кездеспеген еді. Бұл әлемдік жаңалық жақында жарық көретін үш томдық кітап беттеріне енетініне, ал артефактілер мұражай экспонаттарының арасынан лайықты орын алатынына сенімдімін, - деді Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аймақ басшысы Қазақстан тарихына арналған үш томдық кітап редакциясының құрамына кіретін тарихшы-ғалымдармен және археологтармен кезекті рет кездесті.

– Елеке Сазы шатқалындағы ғибадат ету-еске алу ғимаратына байланысты ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері кіреді. «Бұл кітапты жазуға құнды тарихи жаңалықтар ашқан көрнекті ғалымдар атсалысып жатыр. Ғалымдардың білімі мен кәсібиліктеріне күмән жоқ. Бұл өте маңызды. Олар кез келген түсініспеушіліктің алдын алатын және оны болдырмауға, бастысы тарихи әрі сенімді фактілерді жариялауға аянбай еңбек етіп жатыр», - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімі.

Сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар