Сарапшы елге қандай тұрғын үй бағдарламасы керек екенін айтты
1 қыркүйектегі президент жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев «БЕСІНШІ БАСТАМА» ретінде тұрғын үй мәселесін көтерді. Ол жақында аяқталатын «Баспана хит» пен «7-20-25» бағдарламаларының орнына бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берді.
Orda.kz редакциясы елге қандай бағдарлама керек деген сұрақпен экономист, баспаналы болудың тиімді жолдарын ұсынып жүрген сарапшы Дәулет Мұқаевпен байланысқа шықты.
Дәулет Мұқаев – желіде баспана алудың тәсілдерін банктің тілімен емес, халықтың тілімен түсіндіріп жүрген сарапшы ретінде танымал азамат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен алда шығатын бағдарлама кімдерге арналуы мүмкін? Қазіргі бағдарламалар көпке қол жетімді ме?
– Бағдарламаның кімдерге арналатынын мен білмеймін. Жобалап айтатын болсам, табысы төмен азаматтарға мұндай бағдарлама керек. Себебі, айналып келгенде ақшасы барлар бір емес, екі үйін, үш үйін, бес үйін алып жатыр да, ал сол табысы аз азаматтарымыз бір үйге де жете алмай отыр. Сол тапқан 70-80 мыңын ірі қалаларда пәтерге беріп жүр. Сондықтан, бірінші кезекте сол табысы төмен азаматтардың үйлі болуына арналған бағдарлама керек.
Жаңа бағдарламалар пәтер бағасына әсер етпей ме? Үйдің бағасы қымбаттап, жасалған жеңілдіктерден түк шықпай қалмай ма?
– Екінші мәселе – бұл арнайы мемлекеттік бағдарламамен берілген үй болғандықтан, ол жерде үйдің шаршы метріне шекті баға қойылады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында қазір «Нұрлы жер» аясында шаршы метрі 220 мыңнан аспау керек. Мәселен, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында 1 бөлмелі 40 шаршы метрлік үйдің бағасы 8 млн 800 мыңнан аспайды. Осы сияқты шекті баға қойылса, сәйкесінше, осындай табысы төмен азаматтарға нарықтағы құнынан арзанырақ үй салынады.
Жаңа тұрғын үй бағдарламасының қандай кері тұстары болуы мүмкін?
– Мұнда бизнес-класс, комфорт-класстың үйі берілмейді. Тек эконом-класстың үйлеріне дәмеленуге болады. Халықты алаңдатып отырған жалпы сапа мәселесі ғана. Сапа жағынан кері тұстары болуы мүмкін, себебі үйдің бәрі эконом-класс, арзан материалмен салынады. Сапа түсіп кетпей ме екен деген ой алаңдатады.
Көбіне адамдар «жалақы жинауға жетпейді, күнделікті тұрмыстан артылмайды» деп жатады. Адамдарда қаражат жинап, оны сауатты жұмсау дағдысы бар ма?
– Біз біреудің ақшасын санағанды жақсы көреміз. Өз ақшамызды санамаймыз. Біреудің ақшасын санап, сол біреуді байытамыз. Керісінше, қаржылық сауаттылығымызды арттырып, тіпті, сол 60-70 мың теңге тапсақ та, 5-7 мың теңге жинап, бет-албаты ақша шашпауды үйренсек, менің ойымша, ақша міндетті түрде жиналады.
Сауатты жұмсау дағдысын үйретіп жатырмыз. Үйренгендер де бар, үйрене алмай жатқандар да бар. Тіпті осы ақшаны жұмсау үшін оны жинап үйренсін деп арнайы кітап та шығардым. Оның барлығы осы халықты ақша жинау дағдысына үйрету үшін жасалып жатыр.
Тіпті, президенттің өзі де жолдауында «ақша жинап, Отбасы банкке депозитке салсын» деп айтты. Бұл жерде ол халықты ақша жинауға ынталандырып жатыр.
Өкінішке қарай, біз көп жағдайда ақшамызды шашып қоямыз. Мұның барлығы осы қаржылық сауаттылыққа келіп тіреледі. Ел тұрғындарының көбінде жинақтау қоры деген мүлде жоқ. Көбі бір күнмен өмір сүреді. Біздің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру керек.
Мемлекет бәрібір де тегін үй бермейтіні белгілі. Біз соны түсініп, тіршіліктің, әрекеттің барлығы мына өзімізден болуы керек.
Дәулет Мұқаев
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады