Саяси қуғын-сүргін құрбандарын естен шығармау – ел парызы

Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Боздақтарымыздың құрбандығымен келген Тәуелсіздік әр қазақ үшін қымбат! Сондықтан да репрессия құрбандарын жыл сайын емес, ай сайын, ай сайын емес, күн сайын еске алып отырсақ та, артық болмайды.
Қазақ даласын біресе ұжымдастырумен, біресе репрессиямен азан- қазан қылған кеселді Кеңес өкіметі қазақ халқын титықтатты. 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетіне бірінші хатшы қылып Ф. И. Голощекинді жіберді. Ол елде «Кіші Қазан» революциясын жүргізе бастады. Оның құрығына бас көтерер азаматтардың барлығы ілінді.
Ұжымдастыру соңы ашаршылыққа ұласты. Ал ашаршылықтан аман қалғандарын ату жазасы күтіп тұр еді. Осылай бүтіндей бір ұлтты құртып жіберуге бағытталған өкіметтің кезең-кезеңімен жүргізілген қудалауы қазақты әбден титықтатты. Өтірік жала жауып ұлт зиялыларының көзін құртуда қандықол жендеттер алдына жан салмады.
Әр қазақтың тағдырында ауыр таңба болып қалған бұл зұлматтың құрбандарын ақтап алу мақсатында біраз жұмыстар атқарылып жатыр. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Ал 1997 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Ал 2020 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «үлкен террорға» ұшыраған саяси құрбандарын ел жадында қалдыру мақсатында мемлекеттік комиссия құрылатынын айтып, үндеу жариялаған болатын.
«Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз» деген болатын.








Бұл тізімге елі үшін құрбан болған барлық қайраткерлерді сыйғызу мүмкін емес. Олар тым көп. Статистикаға сенсек, шамамен 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылған. Алайда бұл да нақты көрсеткіш емес. Ал ашаршылықтан қырылғандардың саны шамамен 1,8-2,5 миллион деп айтылып жүр. Кей ғалымдар адам шығыны одан да көп болуы мүмкін деп болжайды.
Жаңалықтар
- Импорттық жұмыртқаға тосқауыл: Қазақстан бақылауды күшейтті
- АҚШ-та әйгілі Гранд-Каньон өртеніп жатыр: 500-ге жуық турист эвакуацияланды
- Қазақстанда спортшыларға діни үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды
- Алматыда 28 тұрғын үй кешені «қара тізімге» енді
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау әкімдігі Orda.kz мақалсына жауап берді
- Шетелден қайтарылған 5,1 млрд теңге Қарағанды облысындағы су құбырын жаңартуға бағытталды
- Құмар ойынға әуестігі үшін 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылды
- Алаяқтар арбауы: Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі далада қалды
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды