Режеп Тайып Ердоған даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді

cover

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған он елдің елшілеріне «персона нон грата» жариялауымен дипломатиялық дағдарыс еңсерілгенін айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Дүйсенбі күні АҚШ дипломатиялық қызметі мен басқа да елшіліктер Вена конвенциясына сәйкес басқа елдердің ішкі істеріне араласпау жөніндегі міндеттемелері туралы мәлімдеме жасады.

– Кейбір елдердің елшілері біздің егемендігімізді тікелей нысанаға алды. Мұндай мәлімдеме біздің судьяларға, заңгерлерге үлкен қорлық. Түркия соты тәуелсіз және ешкімнің бұйрығын қабылдамайды. Сондықтан мұндай қорлауға жауап беру біздің міндетіміз. Біз дағдарыс тудыруды мақсат етпейміз, бірақ біз еліміздің құқықтарын, мүдделері мен мақтаныштарын қорғағымыз келеді. Ал бүгін елшіліктердің мәлімдемелерінен кейін жағдай кері кетті, - деді Ердоған министрлер кабинеті отырысының қорытындысы бойынша.

Түрік көшбасшысының айтуынша, елшілер «бұдан былай Түркияға қатысты мәлімдемелеріне мұқият болады» деп санайды. «Еліміздің тәуелсіздігін құрметтемейтіндер, елде жүрмейді, - деп қосты Түркия басшысы.

10 елдің – Канада, Франция, Финляндия, Дания, Германия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция және АҚШ елшіліктері Түркияны түрік құқық қорғаушысы Осман Каваланы босатуға шақырған болатын. Осыдан кейін Ердоған Түркия Сыртқы істер министрлігіне құқық қорғаушы Каваланы босатуды талап еткен 10 елдің елшілерін «персона нон грата» деп жариялауды тапсырғанын айтты.

Осман Кавала – түрік құқық қорғаушысы, Anadolu Kültür AŞ мәдени қорының негізін қалаушы, көбінесе халықаралық, соның ішінде түрік және армян халқы арасындағы мәселені бейбіт жолмен шешуді ұйымдастырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар