«Ресейлік партия керек емес»: Грузия полициясы ереуілшілерге су шашып жатыр
Фото: Бейнеден кадр
Грузияда полиция Тбилиси орталығындағы парламент ғимаратының алдына жиналған наразы жұртқа су шашатын арнайы құрал қолданды. Оқиға болған жерден түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.
Orda.kz бұған дейін митингіге президент Саломе Зурабишвилидің де қатысқаны жайлы жазған болатын.
Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы «Грузин арманы» 53,92% дауыс жинады. Сайлау нәтижелерімен келіспеген оппозициялық партиялар жаппай наразылық шараларын өткізетіндерін жариялаған болатын. Қазан айының соңынан бері жұртшылық ереуілге шығып, Тбилиси полициясы ерекше әбігерге түсіп жатыр.
Бұл бастама президенттің шақыруымен жүзеге асып жатыр. Оппозиция мен президент «Ресейдің жақтасы» болған партияның сайлаудағы жеңісіне қарсы. Олар «халықаралық сайлау әкімшілігі басшылығынан» жаңа сайлау өткізуді талап етіп жатыр.
«Грузин арманы» партиясына ресми түрде шамамен 1,1 миллион сайлаушы дауыс берді, бұл оған парламентте шамамен 88 орын алуға мүмкіндік берді. «Өзгерістер үшін коалиция», «Бірлік — Ұлттық қозғалыс», «Мықты Грузия» және «Гахария Грузия үшін» сияқты оппозициялық блоктар барлығы 37,5% дауыс жинап, 62 орын алады. Басқа партиялар бес пайыздық шекті жеңе алмай, парламентке кірмей қалды. «Грузин арманы» партиясының жеңісін жұрт құптамады. Оппоненттері партияны сайлауды қолдан жасады деп айыптады. Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлаудың өткізілгенін мойындамады.
Елдегі 30 қарашада өткен жаппай наразылықтар тұсында Саломе Зурабишвили парламентті «заңсыз» деп санайтындықтан, мандатының аяқталуына қарамастан қызметінен кетпейтінін мәлімдеді.
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері парламент аумағынан наразыларға тас лақтырды деп хабарлады «Эхо Кавказа» сайты. Грузия үкіметінің Еуроодаққа қосылу үрдісін тоқтата тұру туралы шешіміне наразы болғандар Тбилиси орталығындағы Руставели және Костава даңғылын жауып тастады.
Тбилисиден басқа, Батуми, Кутаиси, Поти және басқа да ірі қалаларда жұрт наразылық көрсетіп жатыр. Олар жаңа құрылған үкіметтің кетуін, ал шуға айналған парламент сайлауы қайта өтуін талап етіп жатыр.
«Эхо Кавказа» ақпаратына қарасақ, ереуілшілерді қазір полиция ұстап жатыр.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды