Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты іс бойынша сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.       

Бұрынғы шенеуніктің ірі көлемде алаяқтық жасады және ірі көлемде пара алды деп айыпталғаны белгілі.  

Прокурорлар оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сотта Жақсылық Омар тергеу изоляторында болған уақыт ішінде болған жағдайды қайта ой елегінен өткізгенін, өз кінәсін шын жүректен мойындайтынын айтты.

Еске салсақ, биылғы 18 ақпанда ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты ҰҚК растады. Сол кезден бері Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүрді. 

2018–2024 жылдары Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды. 2025 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды. Ал 2025 жылғы 7 сәуірден бастап ұсталғанға дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Шенеуніктің есімі бұған дейін де резонансты іске байланысты аталған болатын. Айта кетсек, Өскеменде Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер автокөлік көпірі құлаған болатын. Ал осы көпірдің құрылыс жұмысын бұрынғы шенеунік тікелей қадағалаған. Соңғы екі жылда көпірдің күрделі жөндеуіне 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар