Прокурор Айзат Жұманованы өлтірген күйеуін 15 жылға соттауды сұрады

cover Фото: әлеуметтік желіден

Былтыр шілдеде Жетісу облысының Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова ауыр соққы мен азаптау салдарынан көз жұмды. Талдықорған сотында марқұм келіншектің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Прокурор Айзат Жұманованың өлтірген күйеуі Айбар Жанболатты 15 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тергеу деректеріне сәйкес, 33 жастағы ер адам мас кезінде үйінің маңында әйелін ұрып-соғып, тепкілеген. Ер адам Айзат есінен танып қалса да, тепкілей берген. Кейін, Айбар Жанболат қан жоса болған әйелін ауруханаға өзі алып барады. 

Сот отырысында куәгерлердің айғағы мен айыпталушының кінәсін растайтын сараптама қорытындылары ұсынылды. Сот-медициналық сарапшылар жарақаттардың өмірге қауіп төндіргенін мәлімдеді. Осылайша Айбар Жанболатқа «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды. Қазір сот процесі жалғасып жатыр.

Еске салсақ, 32 жастағы Айзат Жұманованың қатыгездікпен өлтіру қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Бастапқыда бұл іс «абайсызда өлімге әкелген денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергелген

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар