Павлодарда жол апатынан бес адам тірідей жанып кетті

cover Фото: Бейнеден кадр

Бүгін, 23 қыркүйек күні «Павлодар-Қызылорда» автожолында жол апаты болды. Жеңіл көліктегі 4 жолаушы мен жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

«Toyota Lucida» жүргізушісі қашықтықты сақтамай, жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан Toyota көлігіндегі 4 жолаушы мен жүргізуші тірідей жанып кетті. Полиция жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. 

«Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кеткен»,  деп хабарлады облыстық ПД. 

Айта кетейік, 13-14 қыркүйекке қараған түні Қазақстанда 15 адамның өмірін қиған екі ауыр жол-көлік оқиғасы болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар