Парижде зергерлік бұйым таситын курьерлерге қарулы шабуыл жасалды
Фото: freepik.com
Франция астанасы Парижде зергерлік бұйымдарды таситын курьерлерге қарулы шабуыл жасалып, ірі көлемдегі зергерлік бұйымдар мен сирек кездесетін сапфир ұрланды, деп хабарлайды Orda.kz Le Figaro басылымына сілтеме жасап.
Оқиға дүйсенбі күні Париждің 10-округіндегі зергерлік дүкен маңында болды. Белгісіз ер адам көлік тұрағында курьерлерді күтіп тұрған. Олар автокөліктен түскен сәтте қаскөй олардың біріне тапанша бағыттап, екіншісін балғамен басынан ұрып құлатқан.
Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан скутермен қашып кеткен. Ал зардап шеккен курьер дереу ауруханаға жеткізілді.
Париж полициясының мәліметінше, ұры бес қап зергерлік бұйым мен біраз алтынды алып кеткен. Курьерлер алып келген заттардың ішінде бағасы 150 мың еуро тұратын сирек кездесетін сапфир де болған. Париж прокуратурасы ұрланған заттардың жалпы құнын 160 мың еуро деп бағалап отыр.
Айта кетейік, қыркүйек айында Франция президенті резиденциясынан ұлттық мұраға жататын күміс және фарфор бұйымдары ұрланған еді.
Жаңалықтар
- Парижде зергерлік бұйым таситын курьерлерге қарулы шабуыл жасалды
- 2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи отанына оралды
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үй қамаққа алынды
- Зеленский бейбітшілік жоспарының 20 тармағын атады
- Баялиев Рүстем президент әкімшілігіндегі орнын босатты
- Қоғам белсендісі Ринат Рафхатұлы қайтыс болды
- «Маған қазақ тілі қажет емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана қызметкері қонақпен жанжалдасты
- Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты даудан кейін кино түсіруді тоқтатады
- «Жала жапты»: Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген өзбек азаматы өмір бойына сотталды
- Ақтау қаласында жасөспірімдер оқушыны зорлап, қолын пышақпен тілгілеген
- «Мен өзім сотқа жүгіндім»: Маңғыстау әкімі экс-депутаттан туған ұлына қатысты өз шындығын айтты
- Атырауда 2 қызының көзінше әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды
- Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды
- Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайын сотта жеңіп шықты
- Яна Легкодимованы өлтіріп, өмір бойына сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
- «2 млрд теңге жымқырған»: Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы мен әріптестері ұсталды
- Алматыда оқытушыға пышақпен тап берген студент 7 жылға сотталуы мүмкін
- «Анасын ұрып-соғып, үйден қуған»: Түркістан облысында ер адам әкесін өлтіруге тырысты
- Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды