«Өзбекстан президенті елімізде»: Келіссөзде қандай мәселелер талқыланды?
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, энергетикалық, аграрлық, су, мәдени-гуманитарлық салалардағы және өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Бұған қоса, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін жылы қарсы алып, оның сапары ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға одан әрі серпін беру тұрғысынан зор маңызға ие екенін атап өтті.
«Қазақстан халқы Сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек», – деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев көрсетілген сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды:
«Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді», – деді Шавкат Мирзиёев.
«Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды» делінген баспасөз хабарламасында.
Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша дамып келе жатқанын атап өтті.
«Бүгінгі сапардың тарихи маңызы бар. Біздің кездесуіміз екі халық арасындағы достық пен тату көршіліктің ғасырлар бойғы байланыстарын одан әрі нығайтады, стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын жаңа деңгейге көтереді», – деп атап өтті Өзбекстан президенті.
Еске сала кетсек, Orda.kz Тоқаев пен Мирзиёевтің келіссөзі басталғанын жазған болатын.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті