Отарда әскери қызметкер қайтыс болды: Қорғаныс министрлігі ақпаратты жасырып қалмақ

Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Отар ауылындағы гвардиялық гарнизонда әскери қызметкер өзінің жүрек тұсына оқ атып, қайтыс болғаны туралы ақпарат телеграм арналарда жарияланды. Ақпаратты жариялаған арна жазбасын өшіріп тастаған.

Orda.kz редакциясы аға лейтенант Омаровтың өлімі туралы білген сәттен бастап, ҚР қорғаныс министрлігіне хабарласып, ақпаратты растауды сұрады. Қорғаныс министрлігі аталған фактіні растады, бірақ оны БАҚ бетінде жариялауға марқұмның туыстарының қарсы екенін жеткізді. Редакция атынан оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін министрлікке қосымша ресми сауал жолданды.
Кешкі сағат 17:00 шамасында Orda.kz бас редакторының орынбасарына өзін қайтыс болған аға лейтенанттың туысымын деп таныстырған ер адам хабарласты. Оның айтуынша, марқұм Семей қаласының тумасы. Ол өзіне қол жұмсар алдында соңғы хат жазып қалдырған. Хатта ата-анасынан және командирлерінен кешірім сұрағаны айтылған екен. Аға лейтенанттың «ағасы» редакцияның мақала жазуға ниет білдіріп жатқанын естіп, хабарласқанын жеткізді. Алайда бас редактордың орынбасарының телефон нөмірін қайдан алғаны белгісіз.
Марқұмның ағасымын деп танысқан ер азамат, редакцияға хабарласуды аудандық әскери командир өтінгенін айтты. Қай аудан екені және командирдің есімі кім екені айтылмады.
Редакция пікірі: Әскери бөлімшеде қайғылы жағдай орын алды, ол журналистердің құлағына жетіп, жаңалық жариялануы тиіс. Себебі бұл мемлекет қарамағындағы мекеме. Қайғыдан қан жұтып отырған отбасына хабарласып, журналистердің ақпаратты БАҚ бетіне шығармауы туралы өтініш айтқызған әскери командир кім? Осы сарындас өтініштер жасау қаншалықты этикаға сай? Отарда болған қайғылы жағдай үшін неге марқұмның туып өскен ауданындағы әскери бөлімше шырылдап жүр? Ақпаратты БАҚ бетіне шығармау кімге тиімді?
Жоғарыда көрсетілген сұрақтарды тағы да қорғаныс министрлігіне ресми сауал ретінде жолдап, жауап күтеміз.
Жаңалықтар
- Президенттен соң – тексеру: Министрлік Алакөлдегі ахуалды бақылауға алды
- Франция Жаңа Каледонияға дербестік мәртебе беруге келісті
- Импорттық жұмыртқаға тосқауыл: Қазақстан бақылауды күшейтті
- АҚШ-та әйгілі Гранд-Каньон өртеніп жатыр: 500-ге жуық турист эвакуацияланды
- Қазақстанда спортшыларға діни үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды
- Алматыда 28 тұрғын үй кешені «қара тізімге» енді
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау әкімдігі Orda.kz мақалсына жауап берді
- Шетелден қайтарылған 5,1 млрд теңге Қарағанды облысындағы су құбырын жаңартуға бағытталды
- Құмар ойынға әуестігі үшін 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылды
- Алаяқтар арбауы: Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі далада қалды
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны