Оралда көлік қағып кеткен бесінші сынып оқушысы көз жұмды

cover

26 қазан күні сағат 10:00 шамасында Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі көше бойымен келе жатқан 2011 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

— Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен Орал қаласының облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілген кәмелетке толмаған бала есін жимай көз жұмды, - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Медициналық сараптама жүргізушінің ішімдік ішпегенін көрсетті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мән-жайды анықтау барысында қыздың дүкеннен үйіне келе жатқаны анықталды. Қыз екінші ауысымда бесінші сыныпта оқиды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар