Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?

cover Бейнежазба скриншоты

3 сәуірде Алматы облысындағы республикалық маңызы бар Кеген-Нарынқол автомобиль жолының 20 шақырымында жолдың бір бөлігі опырылып қалды. «ҚазАвтоЖол» осы учаскеде қазір не болып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Кеше осы екі ауданды облыстық жолға қосатын күре жолда еріген қар суы салдарынан су өткізетін құбыр зақымдалып, жер төсемі шайылып, жолдың едәуір тұсы опырылып құлады.  

«ҚазАвтоЖол» бұл учаскенің бұрын су тасқыны қаупі бар учаскеге жатпағанын атап өтті. Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты ол мердігерлік ұйымның бақылауында болған.

Құзырлы мекеменің мәліметінше, оқиғадан кейін учаскеде қозғалыс уақытша шектелген. Қазіргі уақытта қиыршық тас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып, іске асыру қолға алынған.

Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында, апатты учаскеде шамамен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жақын күндері қиыршықтас төселген уақытша айналма жол салу жоспарланған. Ал негізгі жол мен су өткізу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың толық өтуінен кейін басталады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар