Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды: 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды

cover Фото: Olimpic.kz

25 ақпанға қараған түні Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина елге оралды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазақстандық спортшыларды туыстары, жанкүйерлер мен спорт журналистері күтіп алды. Сондай-ақ қарсы алу рәсіміне туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және ҰОК президенті Геннадий Головкин қатысты.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров түннің бір уағында күтіп алған барша жанкүйерге алғыс білдірді.

«Олимпиадада елімнің туы ең биік тұғырда көтерілген сәтте кеудемді мақтаныш кернеді. Түн болса да қарсы алуға келген, қолдау білдірген баршаға рақмет. Сыйлықтарыңыз үшін де алғыс айтамын. Бұл — мен үшін елімді одан әрі танытуға үлкен мотивация», — деді чемпион.

Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға 1 бөлмелі пәтер кілті берілді. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар