Олимпиада-2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
Фото: ҰОК
Қазақстан ұлттық құрамасының мәнерлеп сырғанау шебері Софья Самоделкина XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында Италияда өнер көрсетіп, өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін спортшы әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада 68,47 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартқаны туралы ақпарат тарады.
Италиядағы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада 68,47 ұпай еншілеп, мансабындағы ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізді. Жарыс күнінің қорытындысы бойынша ол 12-орынға тұрақтады.
Ол 19 ақпанға жоспарланған еркін бағдарламада алғашқы болып өнер көрсетеді. Бұның үшінші орыннан айырмашылығы сегіз ұпайдан сәл ғана асады.
Қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша көш бастап тұрған спортшылар:
- Ами Накаи (Жапония) – 78,71 ұпай;
- Каори Сакамото (Жапония) – 77,23 ұпай;
- Алиса Лю (АҚШ) – 76,59 ұпай.
Қазақстан Олимпиадада әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда екінші рет қатысып отыр. 2018 жылы Қысқы Олимпиада ойындары кезінде Пхёнчхан қаласында өткен додада ел намысын Айза Мамбекова мен Элизабет Тұрсынбаева қорғаған болатын.
14 ақпанға қараған түні Олимпиададағы ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан жарыс аяқталып, оның нәтижесі сенсацияға толы болды. Алтын медальді қазақстандық Михаил Шайдоров жеңіп алды.
Оқи отырыңыз:
- Олимпиада-2026: 12-ші жарыс күнінде қай спортшыларымыз өнер көрсетеді
- «Отаныма разымын»: Шайдоров Қазақстан халқына ризашылығын білдірді
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
Жаңалықтар
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады