Олимпиада- 2026: 19 ақпанда 7 медальға талас, Софья Самоделкина шығады
Фото: ҰОК
19 ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 8 спорт түрі бойынша жарыс өтеді. Бейсенбі күні барлығы 7 медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында Миланда өтетін әйелдер арасындағы жеке сайыста мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасының кестесі белгілі болды.
Еркін бағдарлама 19 ақпан күні өтеді. Бұл сында Қазақстан атынан өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мұз айдынға шығады. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Самоделкина 68,47 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Осы нәтижесінің арқасында ол еркін бағдарламаға қатысушылар қатарына енді.
Олимпиадада әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың кестесі бойынша 19 ақпанда (бейсенбі) – еркін бағдарлама. Басталуы сағат 23:00-де.
Жүлделер әйелдер хоккейінде, мәнерлеп сырғанауда, фристайлда, ски-альпинизмде, шаңғы қоссайысында және конькимен жүгіру спортында ойнатылады.
19 ақпанда біздің спортшылардан сайыстың фристайл-акробатика түріне (біліктілік, ерлер) Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов, Асылхан Асан қатысады.
17:00 басталатын мәнерлеп сырғанау бойынша еркін бағдарламаға(әйелдер) Софья Самоделкина қатысады, жарыс - 23:00 басталады.
Еске салсақ, 18 ақпанда Қазақстан ұлттық құрамасының мәнерлеп сырғанау шебері Софья Самоделкина XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында Италияда өнер көрсетіп, өз рекордын жаңартты.
Ал белгілі норвег шаңғышысы Йоханнес Клебо әлемдік спорт тарихында қысқы Олимпиада ойындарының 10 дүркін чемпионы атанып, тарихи рекорд орнатты.
Оқи отырыңыз:
- Олимпиада-2026: Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіруден ең үздік нәтиже
- Олимпиада-2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
- Михаил Шайдоровтың мемлекеттен ресми қанша қаражат алатыны белгілі болды
Жаңалықтар
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады