«Өлген әйелдің денесін қорлады»: Шымкентте жантүршігерлік қылмыс істеген оқушының соты басталды
Фото: Суретті Диана Оңғарбаеваның туыстары ұсынды
Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны аяусыз өлтірген 11-сынып оқушысының соты басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Зорлық-зомбылықтың ізі қалған Диана Оңғарбаеваның мүрдесі тамыз айында қоқыс жанынан табылды. Жұмыс істеп, өз күнін өзі көріп жүрген қызды мектеп оқушысы аяусыз өлтірді.
Толығырақ айтар болсақ, жазда жасөспірім қалаға қосымша ақша табу үшін келген. Ол үй жөндеу жұмыстарымен айналысады. Жасөспірім бір күні үйде жалғыз қалғанда жыныстық қатынасқа түсетін «құрбан» іздейді. Telegram-арналардың біріне пәтер тазалаумен айналысатын әйел керегін жазып, хабарландыру қалдырады. Ақыры күнкөріс үшін түрлі жұмыс істейтін Диана хабарландыруды көріп, көрсетілген мекенжайға барады.
Диана жұмысты аяқтап, уәде етілген 15 мың теңгені сұрағанда, жас жігіт қаражатты анасы беретінін айтады. Кейін мектеп оқушысы теріс қарап тұрған қызға пышақ ала жүгіреді. Ол қызды 26 рет пышақтайды. Артынша марқұмның денесіне қол жүгіртіп, оны қорлайды. Жігіт қалауын орындағаннан кейін денені қара полиэтилен дорбаға салып, құрылыс арбасымен қоқыс жәшігіне әкеп тастайды.
Прокурор Нұржігіт Ерментай айыптау актісін жариялады. Кәмелетке толмаған жігіт адам өлтіріп, оның денесін қасақана қорлап, телефонын ұрлап, содан кейін қылмысты жасыруға тырысқаны үшін айыпталып отыр.
Диананың денесін қоқыс жинайтын жұмысшылар тапқан. Марқұмның анасы қызын он күн бойы іздегенін айтты.
«Біз оны барлық жерден іздедік. Полицияға бірнеше рет жүгінген едік. Нәтиже болмады. Мен 28-29-шы тамызда Астанаға өтініш жаздым. Осыдан кейін ғана олар бірінші телефонды, содан кейін денені тапты. Егер олар дереу іздесе, қызымның денесі ертерек табылар еді», — деп жылады қайғыдан қан жұтқан Қарлығаш Оңғарбаева.
Сот өтіп жатыр. Марқұмның туыстары мектеп оқушысының өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалайды.
Айта кетейік, бұған дейін 15 жастағы «Ақтөбе» футболшысы Арон Мұса газға тұншығып қайтыс болған еді.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті