Назарбаев даңғылы не үшін созылады: тауларға қандай зақым тиеді?

Қала тұрғындары тағы да наразы. Бұл жолға наразылықты қалалық жоба тудырды. Алматының бас жоспарында Назарбаев даңғылын созу белгіленген.
Orda.kz редакциясы Назарбаев даңғылын созу кімге, не үшін керек болғанын зерттеді.

Жоспар бойынша Әл-Фараби даңғылынан Достық даңғылына дейін кеңейту, созу жұмыстары жүргізілмек. Осы жолды салу үшін кішкентай көшелер мен жеке үйлер бұзылып, ағаштар кесілуі тиіс. Бұл жобада қандай стратегиялық мақсат бары ешкімге белгісіз.
Кешегі күнге дейін бұл мәселе тек тұрғындардың ғана алаңдаушылығын тудырды. Сүрілетін үйдің иелері бұзылатын үйлерге мемлекеттің қанша ақша төлейтінін білгісі келеді. Тоқаевтың оңтүстік астананы дамыту перспективалары туралы мәлімдемесінен кейін қызығушылық күшейе түсті. Ол Алтын Орда базарының жанындағы жол айрығының құрылысын сынға алып, қалалық инфрақұрылымның даму барысын мұқият қадағалап отырғанын ескертті.
Назарбаев даңғылын созу жұмыстары жазға жоспарланып отыр. Жаңа магистраль құрылысы 2022 жылдың соңында аяқталмақ. Жоба бюджеттен қаржыландырылады. Яғни көшелер мен үйлерді бұзу, асфальт төсеу, шекараны анықтау, барлығы да қазынадан төленеді. Жобаға сәйкес Кем дегенде 270 үй бұзылады.
Әзірге белгілісі даңғылдың ұзартылуының жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға 85 млн теңге бөлінген.
КЕГОК-тің бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаев сұрақ қоя бастағандардың біріншісі болды. Ол әлеуметтік желілерде бірінші болып бұл жобаның не үшін және кімге керек екенін сұрады. Қымбат жобаның мағынасы жоқ екенін де айтты. Бұл ұсынысқат осы уақытқа дейін тыныш, әрі экологиялық таза аймақтың тұрғындары да қарсы болды.


Әсет Наурызбаев жобадағы негізгі проблемаларды да атап өтті. Бірінші орында – экология, биік тұрғын үйлерді салу және автомобиль кептелістері.
– Әкімдік үшін құрылыс салушылардың негізгі аргументі қаланың дамуы емес, ақшалай қаражат болғандықтан, қалаға қол жетімділікті жақсарту қала аумағын дамытудың тағы бір дерегіне айналады. Google картасынан экранға қараңыз. Қазірдің өзінде таулы аймаққа дүңгіршектер салынған. Мұның барлығы 30 жыл ішінде жасалды, – деді KEGOS-тың экс-басшысы.
Белсенді Салтанат Ташимова бүгін құрылыс салушымен кездесуде аудан тұрғындары екі қабатты үйлерін бұзу жоспарлары туралы білмейтінін хабарлады. Жалпы, онлайн-конференция үнсіздікпен өтті, нашар дыбыс пен сурет барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік бермеді. Әкімдік өкілдері әңгімеге қатысқысы келмеді.
Ташимованың айтуынша жоба бойынша 586 ағашты кесу жоспарлануда, олардың арасында емендер де бар.
Orda.kz жобаның тапсырыс берушісі - Алматы қалалық мобильділік Басқармасы екенін анықтады. Бұл қалалық құрылым муниципалды құрылыс үшін жер учаскелерін алуға жетекшілік етеді.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы ешқандай проблема байқамады, олардың айтуынша жоба бұрыннан бері Алматыны дамытудың бас жоспары бойынша келісілген.
– Барлық тұрғындар хабарландырылды. Даңғылдың ұзартылуы Медеу ауданындағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады ведомстводан.
Жер учаскелерін алу жобалау-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін жүргізіледі, бұзуға жататын үйлердің нақты саны да бекітілген ЖСҚ-дан кейін белгілі болады.
Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімдігіне осы саладағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін интерактивті қала құрылысы картасын әзірлеуді тапсырды. Ол міндетті түрде қоғамдық бақылау болуы тиіс екеніне сенімді.
Оның айтуынша, құрылыс үшін Қоғамдық кеңестің келісімі талап етілетін жерлер картада нақты көрсетілуі тиіс.
Авторы: Александр Смолин
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры
- Перизат Қайрат ісі сотқа жіберілді
- Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді
- Алматыда мопед ұрлаған ер адам полицейді сүйретіп әкетті
- Әзірбайжан мен Ресейдің айқасы: Бакуде Симонянға қарасты Sputnik редакциясында тінту жүріп жатыр
- Мәжіліс депутаты Базарбек Бас прокуратураға бірден төрт арыз дайындады
- Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты қосымша тергеу аяқталды
- «Полиция көмектеспеді»: Ақмолада түлекті аяусыз ұрып, көлікпен қағуға оқталған екі ер адам ұсталды
- Әзірбайжан Ресей қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтатты
- Астанада аяғынан айырылған қыз қашан мектепке оралады?
- Wildberries патшайымы: Блогерге алданған қара халық президентке үндеу жолдады
- Қазақстан халықаралық математика олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті
- Мәжіліс пен сенат депутаттары жазғы демалысқа шықты
- Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
- Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптап, ішкі ағзаларын езіп жіберген ер адам сотталды