Нархоз университеті Алматыда жаңа форматта салынған жатақхананы ашты
Фото: Нархоз университеті
Оқу жылы қарсаңында Алматыда Нархоз университетінің жаңа Emen Student Housing жатақханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Жатақхана 424 орынға есептелген және студенттерге қолайлы жағдай туғызу үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған.
Emen жаңа форматтағы жатақханасы университеттің инфрақұрылымын кеңейту және қайта жаңарту жөніндегі ауқымды әлеуметтік бастаманың бір бөлігі. Онда студенттік тұрғын үй деген ұғымға, оның жабдықталуы мен қауіпсіздігіне деген көзқарасты қайта қарастыруға, сондай-ақ өзінің талантын, амбициясы мен әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылатын студенттер үшін шығармашылық және шабыт беретін тұрғын үй кеңістігін құруға мүмкіндік туды.
Emen қазақ тілінен аударғанда «дуб» дегенді білдіреді. Тұрақтылық пен тектіліктің белгісі. Емен ағашы жаңа жатақхана аумағында өседі. Осылайша, Нархоз қалыптасқан дәстүрді жалғастыруда: университет кампусын қайта құру аясында 60 жылдық талшын ағашы сақталды, оның бейнесі университеттің әртүрлі мектептерінің таңбаларымен бейнеленген. Өз аумағындағы таңбалық ағаштардың түріне қарай ұқсас символдық атауларға Нархоздың басқа жатақханалары – «Alma» мен «Terek» те ие болды.
«Emen» студенттер үйі рекордтық мерзімде – бір жылдан аз уақыт ішінде – субсидия алмай немесе серіктестерді тартпай, акционердің өз қаражаты есебінен салынды. Бұл – жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Мұнда тұру үшін панорамалық терезелері, жиһазы, техникасы, климаттық бақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері, бөлек санитарлық тораптары мен душы бар үш орындық бөлмелерде 424 орын қарастырылған. Бөлмеге сандық код құлыптары немесе саусақ іздерін сканерлеу арқылы кіруге болады. Ерекше мұқтаждықтары бар студенттердің тұруы үшін бейімделген бөлмелер де қарастырылған.
Әр қабатта ас үйлер, асханалар, коворкингтер, ал бірінші қабатта дүкен, кір жуатын орын, барбершоп, кофехана, дәріхана және емдеу бөлмесі бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға тегін қызмет көрсететін медициналық орталық жұмыс істейді, ал 18 жастан асқан адамдарға медициналық қызмет алуға 15% жеңілдік беріледі.
Жатақхананың бүкіл аумағында Wi-Fi қол жетімді. Абаттандыру және көгалдандыру аясында 100-ден астам бұталар мен ағаштар отырғызылды, сонымен қатар workout аймақтары жабдықталды. Жатақхананың төбесінде студенттердің демалуы үшін қаланың және Іле Алатауының бөктеріне шығатын панорамалық көрінісі тамаша, ауданы 400 м² жасыл терраса жабдықталған.
Жатақхананың ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде мемлекеттік орган басшылары, сондай-ақ Жұмыс берушілер кеңесінің мүшелері, әкімшілік, профессор-оқытушылар құрамы және университет студенттері қатысты.
«Жатақхана тапшылығы мәселесін шешу – біздің министрлік үшін маңызды басымдық. Өткен жылы 27 мың төсек-орын жетіспеді, биыл біз бұл тапшылықты 8 мыңға дейін төмендеттік. Бүгін мен бірқатар жатақханаларды, соның ішінде Нархоз университетінде жайлылығы жоғары жатақхананы ашуға арнайы келдім. Ол жай жатақхана емес, студенттік резиденция деп аталады. Бұл қазір Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда кеңінен таралған тұжырымдама – дизайн, үйдегідей жағдай, материалдардың сапасы, әр студентке бөлек орын бөлінген, әр қабатта ас үйлер бар», – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар, ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов қатысты. Осыдан дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде мұндай нысандар қаланың әлеуметтік ахуалын жақсартатынын атап өтті.
«Студенттер үйі» – бұл Алматы картасындағы жай ғана жаңа нысан емес. Мұндай жағдайда әр студент өзін үйдегідей сезінеді, сонымен бірге өзі үшін жаңа ортаға оңай еніп, сапалы білім алып, қаланың дамуына өз үлесін қоса алады. Құрылыс жеке қаражат есебінен жүргізілгенін атап өткім келеді, бұл жалпы өзін – өзі қамтамасыз ететін мегаполис үшін жақсы тәжірибе», – деді қала әкімі.
Жаңа жатақханада орындарды бөлу ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Орындарға Нархоз университетінің білім беру гранттары бойынша да, ақылы негізде де оқитын қаладан тыс жерлерден келген және шетелдік студенттер үміткер бола алады. Жаңа жатақхананы қоса алғанда, Нархоздың қазір негізгі кампусқа жақын орналасқан қауіпсіз әрі жайлы тұру талаптарына жауап беретін төрт студенттер үйі бар.
«Мен адамды ортасы қалыптастыратынына сенемін. Қолайлы және ыңғайлы жағдайда оқу және жұмыс істеу жағымды ғана емес, сонымен қатар нәтижелі. Сондықтан Нархоз заманауи білім беру инфрақұрылымын құру мәселелеріне аса мән береді. Екі жыл бұрын Нархоз университетінің жаңа кампусы ашылды. Бүгін біз жаңа Студенттер үйін аштық. Тағы бір жылдан кейін бизнес-мектеп ғимаратының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мұның бәрі халықаралық деңгейде танылған өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде Нархозды дамыту стратегиямыздың өзара байланысты элементтері», – деді ЖОО акционері Болат Өтемұратов.
Нархоз талапкерлерінің ҰБТ-дағы орташа балы өткен жылмен салыстырғанда өсіп, мемлекеттік гранттар бойынша 111 балл (2023 жылы 103 балл) және ақылы бөлімше үшін 95 балл (2023 жылы 89 балл) құрағанын айта кету керек. Ең жоғары балға «Менеджмент және басқару» (122), «Саясаттану», «Құқық», «Қаржы және экономика» (120) бағдарламалары бойынша қол жеткізілді.
Серіктестік материал.
Жаңалықтар
- Қазақстанға алғаш рет Кипр президенті келеді
- Жетісу облысы тұрғындарының қарсылығынан кейін құны 30 миллиард теңгелік жоба іске аспады
- Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады
- Қазақстанда бейрезидент тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібі өзгереді
- Ақтауда 1248 студент академиялық жауапсыздық күдігіне ілініп, 14-і оқудан шығарылды
- Балаң балағат айтса — айыппұлыңды дайында
- Токиода Азия елдеріндегі қазақ диаспорасының съезі өтті
- ШҚО-дағы KAZ Minerals компаниясының Артемьев шахтасы опырылып, кенші қаза тапты
- Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады
- Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия суасты дрон бағдарламасын іске қосты
- Ресей 2030 жылға қарай автокөліктерге алкоқұлып орнатады
- Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорт онлайн рәсімделеді
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты