Елордалық студенттер вакцина алмаса сабаққа кірмейді
????????????????????????????????????
Нұр-Сұлтан қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері Orda.kz. редакциясынан мәжбүрлі вакциналауға араша түсуді сұрады.
Бір жылдан астам уақыт бойы ЖОО студенттері онлайн форматта оқып жатыр. Олардың айтуынша, жатақхана мен университет қабырғасына оралуға болады, ол үшін тек вакцина салдыру қажет екен.
Атын атамауды сұраған оқырмандарымыз редакцияға хабарламалдардың суреттерін жіберді. Оларға хабарламаны кураторлары жібергенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакциналау ерікті түрде жүргізіледі, ҚР кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық процедура, оның ішінде вакцина алу пациенттің келісімімен ғана жүргізіледі. Бас тарту үшін жауапкершілік қарастырылмаған және кез келген қысым көрсету заңсыз болып саналады.
Біз түсініктеме алу үшін университетке хабарластық, онда бізге ЖОО тек студенттермен түсіндіру әңгімесін жүргізетінін айтты. Олардың сөзінше, жоғары оқу орнында ешқандай мәжбүрлеу жоқ.
— Біз шынымен де жаңа оқу жылына дайындалып жатырмыз, насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Бізде бұйрық пен мәжбүрлеу жоқ. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу басым бағыт болып табылады. Біз вакцина барлығына қауіпсіз екенін түсіндіреміз. Өздеріңіз білетіндей, қазір әлеуметтік желілерде арандатушылық акциялар өте көп. Вакцина «қауіпті» деп айтылады. Бірақ бұл университет мәжбүрлейді дегенді білдірмейді, - деп мәлімдеді ҚазАТУ Басқарма төрағасының жастар мәселелері жөніндегі орынбасары Жайнагүл Құсайынова.
Оның айтуынша, оқу орнында тіпті бір науқас болса, ол басқаларға да жұқтыруы мүмкін.
— Біз ешкімді мәжбүрлемейміз. Мысалы, біз студенттерді бір жатақханаға орналастырамыз. Бір симптомсыз студент 100 студентке зиян келтіруі мүмкін. Бізде мұғалімдер көп, 50 жастан асқан профессорлар бар. Біз тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек, - дейді Құсайынова.
Алайда, редакцияға хабарласқан хат авторы созылмалы аурулары бар болғандықтан вакциналанбайтынын айтады.
Студент университетте оны вакциналауға мәжбүрлегінен айтып шағымданады, бірақ кейінгі ықтимал салдар үшін университет өзіне жауапкершілік алмайды.
— Мен өз өміріме қауіп төндіргім келмейді, жанама әсерлер әртүрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да, адамның таңдауы болуы керек, - деп жазады біздің жасырын кейіпкеріміз .
Қазақстанда covid-19 вакцинасының екі компонентін миллионнан астам адам алды. Екпе алғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық