Министрліктер рейтингі: ақпаратқа қолжетімділік қалай шектеледі?
Мемлекет басшысы айтқан «естуші мемлекет» елімізде орнаған ба? Қарапайым адамдарды қайдам, ақпаратқа жауапты маманның өзі жолдаған сауалына жауап ала алмай, дал болып жүр. Жауап екі апта өткеннен соң беріледі... бұл аралықта жаңалық өзектілігінен айрылады.
Осы орайда Orda.kz редакциясы министрліктердің журналистер сауалдарына қаншалықты жылдам, әрі толымды жауап бере алатындығын зерттеп көрді. Зерттеу нәтижесі бойынша төмендегі рейтингті ұсынамыз.
Рейтинг
Редакция елімізде тіркелген 18 министрлікке 2021 жылдың 26 ақпан күні ресми сауалнама жолдады. Осы уақытқа дейін 14 министрліктен әлі де жауап келмеді.
Журналист хатын оқып, тіркеу нөмірін тек 2 министрлік қана жіберді.
Жалпы 35 күнде журналистерге тек 4 министрлік жауап берді. Оның 2-еуі уақтылы, ал қалған 2-еуі ештен кеш жақсы деп сәуірдің басында жауаптарын поштаға жіберді.
Көріп тұрғандарыңыздай зерттеу кезінде сұрақты поштасында жоғалтып алып, таппай қалғандар мен мүлде басқа поштаға жіберуді сұрағандар да болды.
Журналист баспасөз хатшысына хабарласып, электронды пошталарына хат жібергенін ескерткен күннің өзінде, анау-мынау емес, бақандай 10 министрліктен еш жауап ала алмады.
Журналиспен кері байланысқа шығып тұрып, 35 күннің ішінде жауап қатпаған 14 министрлік анықталды.
БАҚ туралы заң
Еске салсақ, 2017 жылға дейін БАҚ туралы Заңға сәйкес журналист мемлекеттік органнан 2-3 күн ішінде ресми жауап алатын.
Дәурен Абаевтың бастамасымен ол 7-15 жұмыс күніне шегерілді. Оның айтуынша, соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарынан келетін сауалдар саны он есеге артқан. Жауап беру көбінесе мұқият қарауды қажет етеді. Сапалы жауап қайтару үшін мерзімді 15 күнге дейін ұлғайту керек.
Қазіргі қолданыстағы БАҚ туралы Заңның 18-бабына сәйкес: «Сұрау салуға жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, ол келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, келіп түскен сұрау салу нысанында және тілінде ұсынылады. Сұрау салынған ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы бір мәрте күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі».
12 сәуір күні жоғарыда айтылған қиындықтармен тап болған журналист Мият Кәшібай өзінің Facebook парақшасында наразылық танытқан.
Ол Қоғамдық Даму Басқармасына өз сұрақтарына жауап іздеп хабарласқан. Алайда басқарма сұрақтарға жауап берудің орнына, журналистен ресми хат сұратқан.
– Хатымды тіркеп, орындалу мерзімі ретінде мамырдың 6-сы мен 12-сін көрсетіпті. Неге осынша ұзақ уақыт қаралатынын сұрап, бүгін кешке дейін телефондарына маза бергем жоқ. Бірақ басқарманың басшысы Дамир Дәулетұлымен де, хатты орындауға міндеттелген мамандармен де сөйлесе алмадым. Телефонға жауап берген хатшы түрлі сылтаулар айтты, бірақ мен де қоңыраулатудан қайтқам жоқ. Ақыры менің қоңырауымды мүлде көтермей қойды, - деп жазды ол.
Мемлекеттік органдардың Заң жүзінде БАҚ өкілдеріне жауап қатпауы ғана емес, сондай-ақ жақында қаралған жеке деректерді қорғау туралы заңнама да журналистердің қолын байлайды. Ал ол өз кезегінде адамдарды ақпаратқа қолжетімділігін шектейді.
Жаңалықтар
- Алматыда автобус 5 жастағы баланы соғып кетті
- Қазақстан әскерінде жаңа жүйе: Әлімжеттікке қарсы жасанды интеллект
- Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне «Астарлы ақиқат» бағдарламасы кінәлі ме?
- «Шыдамы шегіне жетті»: Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап етті
- Алматыда мемлекеттік қызметтшілер спорттан миллиондарды жымқырды
- Қостанайлық диджейге қатысты сот үкімі шықты
- «Кіші жүз – транс жүз»: Алматыда «Лесбиан жиыны» өтті
- Алматы облысының экологиясына 204 млн теңге зиян келтірілген
- «Премьер-Министрдің орынбасары»: 113 млн теңге пара алған азамат сотталды
- ІІМ: Қазақстанда екі жарым айда 20 мыңнан астам жас әскерге алынады
- Талдықорғанда өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды
- Қаржы министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері 68 млн тенге пара алу кезінде ұсталды
- LRT ісі бойынша негізгі күдіктілер Қазақстанға оралмады
- Дариға Назарбаеваның күйеуінің мұнай компаниясы акционерлерін дивидендсіз қалдырды
- «5 млнға жуық»: Алимент төлемеген ер адам құрықталды
- Бұрынғы Әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 3 айға ұзартылды
- «Қазақстан өзіңді еркін сезінетін ел емес»: қазақстандық боксшы қыз АҚШ әскері қатарына қосылады
- Бұрынғы судья Светлана Жолманова ұсталды
- Астана қаласында 578 келі есірткі тәркіленді
- Шымкенттегі беделді университет ректорының ұсталуына қатысты жаңа дерек шықты