Мемлекетаралық тұтқындар алмасуы
Фото: dw_russian
Ресей, Беларусь, АҚШ және Германия арасында мемлекетаралық тұтқындармен алмасады.
Бұл туралы Fox News хабарлады.
Словениядан келген Артём мен Анна Дульцев, олар өздерін Аргентина азаматтары Людвиг Гиш пен Мария Роза Майер Муноз деп көрсетіп, тыңшылық ісі бойынша 1,7 жылға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылы олар ресейлік барлау қызметтеріне тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды.
Сонымен қатар айырбас ретінде Германияда жазасын өтеп жатқан Вадим Красиков Ресейге оралуы мүмкін. Ол шешен лаңкесі Зелимхан Хангошвилиді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Мемлекетаралық тұтқындармен айырбас қорында Ресейде сотталған Wall Street Journal тілшісі Гершкович бар. Ол Америка Құрама Штаттарына оралады. Ол Ресейде тыңшылық жасағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған.

Беларусь елінде өлім жазасына кесілген және Лукашенко рақымшылық жасаған Германия азаматы Рико Кригер, тыңшылық жасады деп айыпталған және 16 жылға сотталған американдық жаяу әскер Пол Уилан бар.
Сонымен қатар бүгін Мәскеуден арнайы рейс ұшты. Ол Калининградқа қонды. Бұл арнайы 35 орны бар ұшаққа ФСБ қызмет көрсетеді.
30 шілде Владимир Путин саяси тұтқындарға рақымшылық жасауы мүмкін жеті құпия жарлық шығарды.
The Moscow Times Ресей Федерациясы өзінің агенттері мен барлау қызметкерлеріне айырбас ретінде Батысқа 20-дан 30-ға дейін саяси тұтқындар мен журналистерді жіберуі мүмкін екенін жазған. Сондай-ақ, БАҚ ресейлік саяси тұтқындардың, оның ішінде Владимир Қара-Мырза, Илья Яшин, Олег Орловтың жоғалып кеткенін хабарлады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
- Олимпиада-2026: Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіруден ең үздік нәтиже
- Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
- Зеленский: Талап Украинаға ғана қойылады
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен кездесті
- Алматыда ер адамды «сөйлесуге» көшеге шақырып, сабап кеткен күдікті ұсталды
- Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады
- «1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады