Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады

cover Фото: Depositphotos

ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалыс кезеңдерін айқындады, деп хабарлайды Orda.kz.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғанда 7 күн болады.

Ал 2-11 (12) сынып оқушыларының көктемгі демалысы  9 - 29 наурыз аралығында 11 күнге созылады.  Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасы, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Aлатау ауданында орналасқан жекеменшік Rich School аралас мектебінде жұмыс істеген 30 жылдық тәжірибесі бар ұстаз өзін «орыс тілінде сөйлемеді» деген себеппен заңсыз жұмыстан шығарғанын айтты. Жалғызбасты ана төрт айдан бері жұмыссыз жүріп, мектеп басшылығымен соттасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар