Мәскеуде ЖПҚ көлігі жарылды, бір полиция қызметкері қаза тапты

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Жарылыс түн ортасы шамасында Савеловский вокзалы алаңында болғаны туралы Ресей ІІМ мәлімдеді. Белгісіз адам патрульдік көлікке жақындап, «одан кейін белгісіз құрылғы жарылған», деп хабарлайды Orda.kz. 

Ресей ІІМ мәліметінше, ЖПҚ-ның бір қызметкері оқиға орнында қаза тапқан. ЖПҚ аға лейтенантының артында жұбайы мен екі баласы қалды, оның жасы 34-те болған.

Денис Братущенко 2019 жылдың наурызынан бері Мәскеу полициясында қызмет еткен. 

Тағы біріне медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.

Күштік құрылымдарға жақын Baza телеграм-арнасы куәгерлерге сілтеме жасап, жарылғыш затты көлікке лақтырды деген күдікке ілінген адамның болған жайтты видеоға түсіргенін жазады.

Кейін Ресей Тергеу комитеті мен ІІМ полиция көлігін жарды деген күдікті оқиға орнында қаза тапқанын хабарлады.

Алдын ала дерек бойынша, Савеловский вокзалы алаңында автокөлікті жарды деп болжанған белгісіз адам оқиға орнында қаза тапқан. Бұл ақпаратты ІІМ де растады. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, күдіктінің қазасы оқиға орнын тексеру және сыртқы бақылау камераларының жазбаларын зерттеу нәтижесінде анықталған.

Оқи отырыңыз:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар