Маңғыстауда бензин буына уланған сарбаз қаза тапты

cover Фото: сарбаздыз жеке мұрағатынан

Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

6 қазан күні «Үстірт» шекаралық бекетінде жазатайым оқиға болған. Ресми мәліметке сәйкес, сағат 21:10 шамасында «Үстірт» шекара бөлімінің бастығы, капитан К.Асу қатардағы Еркебұлан Сағындықты дизель қондырғысы радиаторын тазалау үшін қажет бензин әкелуге жанармай қоймасына жіберген.

Тапсырманы орындау кезінде сарбаз бензин буымен уланған. Сағат 21:20-де оны  ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Алғашқы медициналық көмекті капитан К.Асу көрсеткенімен, сарбаздың жағдайы ауыр болған.

Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, Еркебұлан Сағындық көз жұмды.

Бұл дерек бойынша Ақтау гарнизонының әскери полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы («Қызметке немқұрайлы қарау») бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар қызметтік тергеу басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан тағы бір әскери қызметші көз жұмған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін 5 қазан күні Алматы облысында қаза тапқан сарбаздың туыстары Алматы қаласындағы орталық мәйітханадан оның денесін ала алмай отырғанын хабарлады.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар