Маңғыстаудан Шымкентке пойызға отырып, жоғалып кеткен әйел табылды

cover

Полицейлер Маңғыстаудан Шымкентке пойызға отырып, жоғалып кеткен әйел мен оның үш баласын тапты.

Бұл туралы Orda.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

– 2021 жылы 2 тамызда Маңғыстау станциясының жол полициясы ағымдағы жылдың 30 шілдесінде жоғалып кеткен Д. Б. Тілеулесова мен оның кәмелетке толмаған үш баласының қайда екенін анықтады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жедел қызметкерлер осы уақыт ішінде әйел мен оның балаларының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында досының жанында болғанын анықтады,- делінген полицияның хабарламасында.

Әйел мен кәмелетке толмағандар тексерілді. Олар дін аман .

Бұған дейін Lada.kz Маңғыстау облысынан Ділбар Тілеулесованың үш баласымен бірге жоғалып кеткенін хабарлаған. Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде әйел Маңғыстаудан пойызбен Шымкентке кеткен, бірақ баратын жерге жетпеген. Оның жанында кәмелетке толмаған үш баласы болған. Біреуі енді ғана қырқынан шыққан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар