Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің неге көтерілгенін түсіндірді

cover

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов базалық мөлшерлеменің не себепті көтерілгені туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шешім қабылдау кезінде Ұлттық банк төмендегі жағдайларды есепке алған:

  • Инфляция 2021 жылдың соңында 7,5-8,5% болады деген базалық сценарийден жоғары қалыптасып жатыр. Бұл ең маңызды фактор және біздің барлық іс-әрекетеміз 2022 жылдың соңында инфляцияның 4-6% мақсатты дәлізіне кіруіне бағытталады.
  • Бұл тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстың кеңейіп жатқан факторы. Бұл қазақстандық экономиканың қалпына келудегі белсенділігі мен халық арасындағы тұтыну деңгейінің артуымен байланысты. Екінші тоқсанда үй шаруашылықтарының номиналды тұтыну шығындары 19,5%-ға дейін артты. Тез қарқын алып жатқан сұраныс ұсыныстан артып, инфляциялық процестерді жылдамдатып отыр. Бұл тек Қазақстанда болып жатқан құбылыс емес, қазір бұндай тенденцияны әлем бойынша байқауға болады.
  • Дәл Қазір біз халықтың инфляциялық болжамдарға қатысты өсімін байқап отырмыз. Бір жылдан кейінгі болжамды инфляцияның сандық бағасы артып, қыркүйектің қорытындысы бойынша 9%-ға жетті. Бұл көбіне бағаның қазіргі өсімін ескеріп жасалған болжам болып отыр. Сауалнаманың қорытындысына сүйенсек, оған қатысқан адамдардың 71% соңғы жылы бағаның қатты өскенін айтқан, бұл – сауалнама тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/– 1,00 пайыздық пунктпен жылдық 9,75% деңгейінде (бұрын 9,5% болған) белгілеу туралы шешім қабылдаған.

Бұл үш айдағы үшінші ставка болды. 2021 жылғы шілдеде Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,25% – ға дейін, содан кейін қыркүйекте 9,5% - ға дейін көтерді.

Базалық мөлшерлеме дегеніміз не және оның өсуі халыққа қалай әсер ететіні туралы мына жерден оқуға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар