«Қызылжар» футбол клубы Сергей Канның қолына өтті

cover Фото: Orda.kz

«Қызылжар» футбол клубы да жеке адамның қолына өтті. Футбол клубының инвесторы қазақстандық кәсіпкер Сергей Кан болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаржыландыруға СҚО әкімдігі де атсалысады. Сонымен қатар, Петропавлдағы «Қарасай» стадионы клубтың бақылауына беріледі. Футбол клубының бас менеджер болып Әлішер Әпсәлемов тағайындалды. Бұған дейін ол «Қайрат», «Каспий», «Атырау», «Тобыл» клубтарында және Ұлыбританиядағы, Босния мен Герцеговинадағы клубтарда жұмыс істеген.

Петропавл тұрғындарының сүйікті футбол командасы бұрынғыдай қызыл-қара түсті спорттық киімде ойнайды.

Айта кетейік, қазан айының соңында  «Қайсар» футбол клубы ресми түрде жеке меншікке өтті. Клубтың жаңа иесі — TAU Group LTD компаниясының жетекшісі Иманғали Қозбақов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар