Қызылордада ер адам көршілерін пышақтап тастады

cover Фото: envato

Қызылордада ер адам көрші әйел мен оның 34 жастағы қызын пышақтап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы жағдайды полицияға марқұмдардың көршілері хабарлаған. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция күдіктіні сол жерде ұстады.

«Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»  деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетейік, Талдықорғанда былтыр шілдеде 32 жастағы Айзат Жұманованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар