Компьютерде отырып жұмыс істеуге арналған жаттығулар

cover

Ресейлік дәрігерлер компьютерде қашықтан жұмыс істеу кезінде омыртқаны сау сақтауға көмектесетін бірнеше ережелер мен құрылғылардың тізімін жасады.

Деніңнің сау болғанын қаласаң көп қимылдап, омыртқаңды түзу ұста.

 – Компьютерде бір қалыпта тұрақты отыру және дұрыс емес қалып төменгі арқадағы, мойын омыртқасындағы ауырсынуды, сондай-ақ карпальды туннель синдромын тудыруы мүмкін. Осының әсері кейін қолдағы ауырсыну, ұйқышылдық, қышыну немесе әлсіздікпен көрінеді. Бұл синдромның пайда болуына әсер етуі мүмкін факторлардың бірі – қолдың тұрақты иілу және кеңейту қозғалыстары, соның ішінде компьютерлік тінтуірмен және пернетақтамен жұмыс істеуді қажет ететін монотонды жұмыс, – дейді мамандар.

Мамандардың айтуынша компьютермен жұмыс істеу алды тінтуірдің төсенішіндей білекке де арналған жұмсақ төсеніш алған дұрыс екен.

 – Қолды шынтаққа дұрыс бұрышпен бүгу керек, ал білекті тіреп, үстелге қою керек. Әрине, арасында қолды сілкілеп, алақанды жұдырыққа қысып, айналдыру да керек, – дейді дәрігер қауымы.

Маманның сөзінше үйде жұмыс істеуге қолайлы болу үшін офистегідей жиһаздардың болуы шарт емес. Небәрі өзінің биіктігін өзгерте алатын орындық болса жеткілікті. Оған бас тіреуіш пен белге арналған жастықты қосуға болады. Әрі бастысы жерге табанымыз толықтай тиіп тұруы маңызды.

Компьютермен жұмыс істеу барысында назарға кейбір дүниелерді ескеру керек. Мәселен, компьютер мониторы көзбен тұспа-тұс орналасуы керек. Ол үшін монитордың астына кітаптар қою ең тиімді тәсіл. Егер жоғарыда аталып өткен тәсілдерден соң да сіздің денсаулығыңыз нашарлай түссе, дәрігерлер невропатологққа барып тексерілу керектігін ескертеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар