Көкшетауда алаяқтар ЖОО оқытушысын тақырға отырғызып кетті

cover Фото: freepik.com

Көкшетауда жоғары оқу орындарының бірінің оқытушысы интернет-алаяқтарға алданып, 7,6 миллион теңгесінен бір сәтте айрылып қалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жәбірленушінің айтуынша, барлығы телефон қоңырауынан басталған. Өзін оқу орнының заңгері ретінде таныстырған белгісіз адам оның жеке ісіне құқық қорғау органдары қызығушылық танытқанын айтқан. Кейін жақын арада өзге адамдар хабарласатынын мәлімдеген. Алаяқтар «жалған қызметкерлер» схемасы бойынша әрекет еткен. Тексеріс болатынын айтып, «қаражатты қауіпсіз шотқа аудару» керегін ескерткен. Алаяқтар қысым көрсетіп бұл туралы ешкімге тіс жармауды тапсырған.

Ақпаратты тексермеген оқытушы екі банктен несие рәсімдеп, алтын әшекейлерін ломбардқа өткізген. Түскен барлық қаржыны телефон арқылы айтылған шоттарға аударған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 7,6 миллион теңгеден асты.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеумен Ақмола облысының киберполиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар