Әкімдердің сәтсіз сәттері

cover

Тәуелсіздік жылдары еліміздің оңтүстік пен солтүстік  астаналарын түрлі әкімдер басқарды. Олар үшін осы астаналарды басқарған жылдары айтулы кезең болды. Алайда ORDA. олардың минуспен атқарған істерін еске түсіруді жөн көрді.

Алматы

Со знаком «минус»: факапы столичных градоначальников

Алматыдағы ең даулы әкім Виктор Храпунов болды. Қаланы ол басқарған жылдары Алматының таулы беткейінде, Шымбұлақ курорты маңында алма ағаштары шабылып, орнына ретсіз түрде элиталық коттедждер салына бастады. 1999 жылы қала аэропорты  өртеніп кетіп, ол тек 2004 жылы ғана салынып бітті.

Со знаком «минус»: факапы столичных градоначальников

Храпунов әкімдіктен кеткен соң оны жемқорлық, алаяқтық және басқа да қылмыстық істер бойынша жауапқа тартты. 2018 жылы оны сырттай 18 жылға соттап, бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Қазір Храпунов әйелі Лейла екеуі Швейцарияда тұрып жатыр. 2020 жылдың соңғы айында Швейцарияның Федералды әкімшілік соты ерлі-зайыпты Храпуновтарға саяси пана беріп, оларды Назарбаевқа қарсы оппозициялық-саяси көзқарастары үшін қудаланған деп таныды.

Бауыржан Байбек әкімдердің ішінде ең әрекетшіл әкім болып шықты. Алматылықтардың қарсылығына қарамастан транспортқа «Оңай» жүйесін енгізді, Панфилов көшесін жаяу жүргіншілер көшесіне айналдырды, көптеген көшелерге тек біржақты қозғалыс енгізіп, жерасты жолдарын жөндеуден өткізді.

Со знаком «минус»: факапы столичных градоначальников

Бірақ Байбектің мұндай жаңашылдығына алматылықтар әлі күнге дейін риза емес. Олардың арасында – трамвай қатынасының жойылуы, қоршаулар мен гүл сататын дүңгіршектердің алынып тасталуы, Атакенттегі құны 15 млн. теңге тұратын Ақтиін мүсіні, ақылы автотұрақтардың енгізілуі, «Байқоңыр» және «Алатау» кинотеатрларының ғимараттары қиратылып, оның орнына ресторан және тез тамақтану орны McDonalds сияқты нысандардың салынуына қалалықтар әлі күнге дейін наразы. Сондай-ақ Әл- Фараби, Сайын көшелері мен шығыс айналма жолының  қозғалыс жылдамдығын 80-нен 60 км/ш азайтылуы да алматылықтарға ұнамаған болатын, алайда Байбектен кейін келген Бақытжан Сағынтаев бұл нұсқауды өзгертті.

Бақытжан Сағынтаев.  Әрекетшіл Байбекпен салыстырғанда Сағынтаевтың екпіні босаңдау болып шықты. Жаңадан келіп  жатқандықтан ба, әлде пандемия кедергі болуда ма? Екі жыл мерзім ішінде әкім Сағынтаев алматылықтар назар аударарлықтай шаруа жасай қоймады.

Со знаком «минус»: факапы столичных градоначальников

Бірақ ол әкімдік еткен екі жыл ішінде қайта жаңарып іске қосылған бірнеше нысан бар. Олар Денсаулық сатылары, Вознесенский соборы, Ботаникалық бақ, Күкіртті-сутекті бұлақ сияқты нысандар. Сағынтаевтың пәрменімен сондай-ақ Медеу жанындағы автотұрақ алынып тасталды, Әл Фараби, Сайын көшелеріндегі жылдамдық қайта орнына келтірілді, алматылықтармен ашық әңгіме жүргізу сияқты Байбектің бастамасы жалғасын тапты.

Нұр-Сүлтан

Со знаком «минус»: факапы столичных градоначальников

2010 жылы Тасмағамбетов бастап, одан кейін әкім болған Бақыт Сұлтанов қаржы тапшылығынан құрылысын тоқтатқан LRT жобасы екі әкімді де сәтсіздікке ұшыратқан жоба болды.

Сарапшылар о бастан (2015 жылдан) қаржы жағынан тиімсіз деп жариялаған бұл жобаға мемлекет бюджетінен 156,3 млн. теңге бөлінген еді. 

Астананың қазіргі әкімі Алтай Көлгіновті бұл жоба үшін ұтылды деп айтуға әлі ерте, өйткені LRT жөнінде мәселе әлі толық шешілген жоқ.

Астананың экс - әкімі Әділбек Жақсыбековты 2016 жылы Назарбаев  қалдық жиналатын Талдыкөлден соққан жағымсыз иіс үшін сөккені бар.  

«Егер биыл бұл мәселені шеше алмасаң, Хорошун екеуіңе сол Талдыкөлдің жанынан қазақ үй тігіп беремін, жатыңдар қоқыстың иісін иіскеп, 6 млрд. теңге жұмсап, ештеңе өндіре алмағансыңдар».

Астананың жетінші әкімі Әсет Исекешевтің жұмысын астаналықтар негізінен жаман демейтін.

Со знаком «минус»: факапы столичных градоначальников

Бірақ, 2017 жылы президент Назарбаев Исекешевтың жұмысын сынға алып, ЭКСПО төңірегіндегі ескі үйлер мен заңсыз құрылыстарды жоюды тапсырған болатын. Ал Исекешев әкімдігінің соңғы айында астана көшелерін су жайлады. Бірақ бұл үшін коммуналдық сала қызметкерлері де, әкім де жауапқа тартылған жоқ. Көшеге жайылған су үшін осы суда қайықпен жүзген екі адам мен автобусына су кіріп кеткен көлік жүргізуші жазаланды.

Исекешевтен кейін әкім болған Бақыт Сұлтановтың  кемшіліктерінің ең бастысы – оның тұйықтығы. 2018 жылы «Стратегия» орталығы әкімдер жұмысының тиімділігі туралы жүргізген сауалнама-сараптамасы нәтижесі бойынша Сұлтанов «астана әкімдігі жұмысының сәтсіздігін немесе жетістіктерін өзіне қатысты деп есептемейтінін» айтқан.

Со знаком «минус»: факапы столичных градоначальников

Міне, Алматы мен Нұр-Сұлтан әкімдері біздің есімізде осындай әрекеттерімен, ерекшеліктерімен есте қалды. Қазақстанның ең басты қалаларының ендігі болашақ әкімдері бұларға қарағанда ұтылғанның орнына ұмтылып, жаңа қырларымен танылады, ал біз болсақ тек ол әкімдердің оң істерін жарқырата жариялап отырамыз деген сенімдеміз.

Авторы: Анна Даниловская

Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар