Қазақстанның павильоны Жапониядағы EXPO-да бірінші орын алды
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Жапонияның Осака қаласында өткен EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде еліміздің павильоны бірінші орын алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жапониядағы EXPO Awards марапаттау рәсімі 12 қазанда өтті. Шарада Қазақстан павильоны шағын павильондар арасындағы Theme Development («Көрме тақырыбын ашу») номинациясында бірінші орынды иеленді.
Бұл категорияға 90-нан астам ел қатысқан.
Көрме ашылған күннен бастап Қазақстан павильоны жапон және шетелдік туристер арасында ерекше танымал болды. Мұнда келушілер еліміздің мәдениеті, дәстүрі, тарихы, инвестициялық және инновациялық әлеуеті, сондай-ақ цифрландыру мен тұрақты даму саласындағы жетістіктерімен танысты.
Жапон және халықаралық БАҚ Қазақстан павильоны туралы бірқатар мақалалар жариялап, оның мазмұны мен дизайнын ерекше атап өтті.
EXPO 2025 Osaka көрмесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстанның Ұлттық күні болды. Бұл мереке 10 тамызда ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған. Сол күні EXPO-ның National Day Hall сахнасында Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, шамамен үш мыңға жуық адам қатысқан мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Көрме өткен алты ай ішінде Қазақстан павильонын 1,5 миллионнан астам адам тамашалады. Қонақтардың арасында ресми делегациялар, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ түрлі елдерден келген журналистер болды.
Айта кетейік, Қазақстанда Алматы облыстық соты ұлттық «Астана ЭКСПО — 2017» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің апелляциялық шағымын қарады. Сот оны мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті