«Қазақстандағы мұсылмандарға қауіп төніп тұр»: Тәңіршілдер несімен қауіпті?

Қазақстан — зайырлы мемлекет. Демократиясы бар, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болған соң, адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы жайлы заңды тайға таңба басқандай етіп жаздық. Азаматтар конституция бойынша қалаған дінге сенуіне не ешбір дінге сенбеуге құқылы.
Түрлі ақпараттық порталдар діни алауыздықты өршітетін даңғаза материалдарды жұрт назарына ұсынып жатыр.
Orda.kz елдегі діни толлеранттылық өте маңызды мәселе болған соң, осы жағдайды саралап көрді.
«Айыптау»
Ата заңымызға қарасақ, азаматтарды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Конституцияның осы қағидалары дін саласын реттейтін «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабының 1-тармағында айқын көрсетілген. Соған қарамастан, қоғамдағы діни алауыздық елдегі діни толлеранттылық деңгейінің төмен екенін байқатады.
Жақында Түркиядағы «Алиф ТВ» атты орыс тілді мұсылмандардың youtube арнасында «Қазақстан мұсылмандарына қауіп төніп тұр», «тәңіршілдер дін ретінде мәртебе алмақ», «жергілікті діни орындар әрекетсіз отыр» деген айыптауларға толы бейнежазба жарияланды.

Тәңіршілдік пұтқа табынушылық па?
Бұл «астарлы» бейнежазба жайлы Әл-Фараби Болатжан діни алауыздық тудыратынын айтып, өз парақшасында жазба жариялап, 3 сұрақ қойды. Бұл туралы қазір тарқатып айтамыз. Әуелі шетелдік арнаның сөзіне тоқталсақ.
«Алиф ТВ» әуелі «тәңіршілдік — түркі-монғол тайпаларының, Еуразия далаларының және Орталық Азияның ортағасырлық пұтқа табынушылық діні» деп атап, Қазақстанда ерекше таралып келе жатқанын айтады.
Ал дінтанушы Әл-Фараби Болатжан түрколог Ерлан Еспенбетовтің сөзін мысал ретінде келтіреді. Олардың сөзінше тәңіршілдік — орта ғасырлық емес, ежелгі монотеистік (жалғыз құдайға сенетін) дін.
Ал «Алиф ТВ» арнасы бұл дінді «пұтқа табынушылық» деп атайды.
«Тәңірі елі» ұйымының төрағасы Ерлан Еспенбетов соңғы жылдары Қазақстанда тенгриандық сенімнің жақтаушыларының саны артқанын айтады. Оның айтуынша, өзін тенгриан ретінде танитын азаматтардың саны 1 миллион адамнан асып кетеді. Мұндай расталмаған статистикаға сүйене отырып, пұтқа табынушылар биліктен ресми тану алу үшін әрекеттеніп жатыр», — дейді «Алиф ТВ» өзінің youtube арнасында.
«Қазақ халқын осы өмірде де, арғы өмірде де жойып жібереді»
Осыны айта келіп, youtube арнада «қалайша мұсылман Қазақстанда миллиондаған адам пұтқа табынушы болып шықты және олардың ілімін тарату үшін қандай әдістер қолданылды?» деген сұрақ қойылады. Артынша «Қазақстан билігі неге тұсау салмайды, неге жергілікті діни орындар әрекетсіз?» дегендей сауалдар қойылды.
«Бұл заңсыз миссионерлік әрекетке жатпай ма? Неліктен Қазақстан билігі мен мұсылман қауымы пұтқа табынушылықтың таралуына кедергі келтірмейді?
Неліктен жергілікті діни қызметкерлер мұсылмандардың өз дінінен шығып жатқанда белсенділік танытпайды? Өкінішке қарай, Қазақстанда жергілікті діни қызметкерлердің жұмыс істемеуінен пайда болған бұл рухани вакуум әртүрлі секталар, ЛГБТ қауымдастықтары және енді пұтқа табынушылықтың қайта өркендеуі сияқты мәселелердің пайда болуына әкелді», — деп айыптады «Алиф ТВ».
«Алиф ТВ» арнасының айтуынша, жаңа діннің ресми тіркелуіне кедергі келтіруі өте маңызды, өйткені бұл дін қазақ халқын осы «өмірде де, келер өмірде де жойып» жіберуі мүмкін екенін айтты.
Елдегі діни бірлестіктер
Шетелдік арнаның бейнежазбасына қарасақ, мұсылмандарға расымен қауіп төніп тұр.
Ал енді елдегі діни ахуалға зер салсақ, Қазақстан бірталай діни бірлестікті тіркеді. Әділет министрлігі ақпаратына зер салсақ, 18 конфессия атынан 3961 бірлестік өкілдері тіркелген. Олардың ішіндегі саны ең көп бірлестік — ханафи мәзхабындағы мұсылмандар мен православ христиандар. Сондай-ақ, будда ілімімен жүретіндер, иудейлер, католиктер, протестанттар және т.б. діни қауымдастықтар тіркелген.
Ал енді осынша діни нанымға құрметпен қарап отырған мемлекеттің діни орындарын сынап, дәл тәңір дініне қатысты пікір жеткізген «Алиф ТВ» жайлы қазақстандық дінтанушы пікір білдірді. Дінтанушы Әл-Фараби Болатжан соңғы жазбасында «Алиф ТВ» телеарнасын Қазақстандағы діни жағдайды ушықтырғаны үшін сынға алды.
Әл-Фараби Нұрбекұлы Болатжан үш маңызды мәселені көтеріп, тәңіршілдерге бағытталған айыптауларға қатысты өз пікірін жариялады.
1. Ол арна авторларынан тәңіршілдердің мұсылмандарға нақты қандай қауіп төндіретінін сұрайды.
2. Әл-Фараби Нұрбекұлының пікірінше, «Алиф ТВ» тәңір діні туралы петиция авторы, түрколог Ерлан Еспенбетовтің тәңірлікті монотеистік дін ретінде қарастыратынын бұрмалаған. Ерлан Оразбекұлының деректеріне сүйеніп, көне руна жазуындағы деректер бойынша тәңір діни сенімі бір ғана Құдайға, яғни Тәңірге табынатын діні екенін атап көрсетеді.
3. Сонымен қатар, ол «Тәңір елі» ұйымының басшылығында политеисттер бар болған күннің өзінде де, ислам көзқарасы бойынша политеист пен пұтқа табынушы ретінде қарастырылатын кришнаиттер мен буддисттердің Қазақстанда ресми конфессиялар ретінде тіркелгенін атап өтеді.
Сондай-ақ, Әл-Фараби Болатжан нақты пұтқа табынушыларға тоқталып, олардың мұсылмандарға қауіпі жайлы естімегенін айтты.
«Мен кришнаиттер мен буддистер туралы айтайын. Әсіресе, кришнаиттер арасында қазақтар көп десем болады. Сонда олар мұсылмандарға қауіп төндіреді деп ойлайсыз ба? Олардың тарапынан қандай да бір қауіп туралы естіген жоқпын. Бір жағынан, «Алиф ТВ» басшылығын түсінемін. Сана «хараммен» шектелгенде логиканы қосу қиын», — деп аяқтады өз жазбасын Әл-Фараби Болатжан.
Мамырдың соңында ePetition платформасында тәңіршілдікті ресми діндердің бірі ретінде тану туралы петиция пайда болды. Еске сала кетсек, Orda.kz тәңір діні өкілдерінің осыған орай тәңір дініне дін ретінде лайық мәртебе сұрап, тіркелу жайлы өткізген баспасөз мәслихатына қатысып қайтқан болатын.
Қорыта келе айтарымыз, Қазақстан зайырлы мемлекет болған соң әр азаматта таңдау еркі бар. Барынша діни толлеранттылықты сақтап, өзгенің сеніміне құрметпен қарайтын ел. Әлемдік діндердің қайсысына зер салсақ та, агрессиядан аулақ болуға, мейірім мен адамдыққа шақырады. Егер расымен өз дінімізді берік ұстансақ, қоғамның тірегі болған бұл дін өкілі ретінде ешқашан діни алауыздыққа жол бермейтініміз анық.
Жаңалықтар
- Мен Нұрғанатты ұрдым, ал Абзал оны пышақтады: Шерзат сотында бес күдіктіден жауап алынды
- Нұрғанатқа пышақты Абзал салды, басқа кім? – Равиль Сакиев
- «Тыныш жүр дедік қой»: Шымкенттегі тәуелсіз журналист тағы қысым жасап жатқанын айтты
- Дариға Назарбаеваның күйеуі Қаңтар оқиғасынан кейін QazaqGaz-дан қалай ақша алды?
- «Кешіріп үлгерді»: Петропавлда соғыс ардагері қайғылы оқиғадан кейін көз жұмды
- Шерзат соты: Қаржаубайдың адвокатына шұғыл жедел жәрдем шақырылды
- «Нұрғанатты ұрайын деп бардым, бәкі салып алдым»: Шерзаттың сотында Шыңғыс Белғожаев жауап берді
- Ресейде қазақстандық студент террорист деген күдікпен қамауға алынды
- Сөгіс естіген көлік министрлігі ішкі тексеріс жұмыстарын жүргізеді
- Белгілі спортшының отбасында құлдықта болған Мұқанның ісі бойынша тың дерек шықты
- «Нұрғанат мылтықты оқтап жатты»: Калашников мылтығы мен «Хутор» жазбасы кімге тиесілі?
- «Абзал пышақтан қанды сүрткенін көрдім»: Шерзаттың ісіндегі күдіктіні Қаржаубайдың кешірімі құтқара ма?
- Мәйіт таситын көлік және желіні өшіргіштер: Алматыдағы Назарбаевтар резиденциясы мен «Кеңсай» зиратында не болып жатыр?
- Полиция бөлімі бастығының орынбасары парамен ұсталды
- Қазақстанда Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғылары мен кейбір ғимараттары сатылады
- Қызғалдақпен суретке түскен әкімнің ісі уақытша тоқтады
- «Жол жоқ – салық жоқ»: 4 әкім 12 жыл бойы 15 млрд шығынмен Алматының бір жолайрығын қалай салып жатыр?
- Шерзат ісі: Азамат Тоқтаубаевтың бір емес, төрт рет істі болғаны анықталды
- Шымкентте алаяққа алданған оқушы Free Fire аккаунты үшін 2 млн ақшадан айырылды
- «Бірнеше рет қылмыс жасаған»: Кісі өлтіруге оқталған қазақстандық Арменияда ұсталды