Қазақстандағы ең ірі су электр станциясының жаңа иесі кім екені белгілі болды
Фото: DALL-Е
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы Бұқтырма су электр станциясының жаңа иесі жайлы және мәміле туралы ақпараттарды жария етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Өткен аптада «Бұқтырма су электр станциясы» АҚ-ның иесі «Самұрық-Энерго» емес екені белгілі болды. Қыркүйек айының соңында жасалған мәміле нәтижесінде холдингке тиесілі компания акцияларының 96,32 пайызы басқа компанияның қолына өтті. Дегенмен, елдегі ең ірі су электр станциясының бірін кім сатып алғаны құжаттарда көрсетілмеген еді.
Бүгін «Самұрық-Энерго» мәміле туралы толық мәлімет берді. Холдинг өкілдерінің айтуынша, су электр станциясы холдингтің еншілес компаниясына берілген.
«Корпоратив болып қабылдаған шешімге сәйкес, «Бұқтырма су электр станциясы» АҚ жаңартылатын энергия көздері мен су электр станциялары активтерін біріктіру мақсатында «жасыл энергетиканы» дамытуға маманданған Qazaq Green Power PLC атты ашық компанияға берілді», — деді «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы аппаратының басшысы Ерген Шалин.
Актив Qazaq Green Power PLC компаниясының жарғылық капиталына беріліп, компанияның қосымша акциялары орналастырылды. «Бұқтырма су электр станциясындағы» үлес осы акциялар үшін төлем ретінде рәсімделді. Ал «Қазмырышпен» жасалған концессиялық келісім өз күшінде қалады.
«Бұқтырма су электр станциясы» акционерлік қоғамы 1996 жылы құрылған. Ол 1960 жылдан бері жұмыс істеген «Алтайэнерго» АҚ-ның құқықтық мұрагері саналады. Су электр станциясының мемлекеттік акциялар пакеті 2008 жылдан бастап «Самұрық-Энергоның» иелігінде болды. Ал 1997 жылдан бері станция мүлкі «Қазмырыш» компаниясына концессияға беріліп келеді.
«Бұқтырма су электр станциясы» — Қазақстандағы көлемі жағынан екінші ірі ГЭС. Оның жобалық қуаты — 675 МВт. Станция құрылыстары елдегі ең ірі Бұқтырма су қоймасын қалыптастырады.
Qazaq Green Power PLC — «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100 пайыздық еншілес компаниясы. 2022 жылы «жасыл» энергетикалық активтерді шоғырландыру мақсатында құрылған. Компанияны «Samruk — Green Energy» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Айдан Қасымбеков.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды