Қазақстанда жеке деректерді жаппай таратқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

cover Фото: gov.kz

Қазақстанда жеке деректерді жаппай таратқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Наурыз айында өткен Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев Қазақстанда деректерді қорғаудың заманауи құралдарын, соның ішінде маскирлеу мен хэштеуді енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ведомство мемлекеттік дерекқорлардан мәліметтерді жүктеуді шектеуді көздеп отыр. Мәдиевтің айтуынша, ендігі жерде бұндай істерге қатысты мынадай шаралар жоспарлануда:

  • жеке деректерді жаппай тарату үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • әкімшілік айыппұлдарды 5000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 21,6 миллион теңге) арттыру.

Жеке деректердің жаппай таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік шынымен енгізілуі мүмкін. Тиісті норманы Қылмыстық кодекстің 147-бабына енгізу жоспарланып отыр. Бұл бап жеке өмірге қол сұқпаушылықты және жеке деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады.

«Жеке деректердің жаппай таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу мәселесі қарастырылуда. Әңгіме Қылмыстық кодекстің 147-бабына заңсыз жинау және тарату үшін жауапкершілікті көздейтін қолданыстағы нормаларды толықтыру туралы болып отыр, сонымен қатар бұзушылықтардың жаппай сипаты үшін санкциялар енгізіледі. Санкциялардың нақты параметрлері заңнамалық түзетулер аясында айқындалады» деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі таңда 147-бапта деректердің жаппай таралуы туралы нақты айтылмаған, әзірлеушілер енді осы жайтқа түзету енгізбек. Қылмыстық жаза қандай болатыны әзірге белгісіз.

Айыппұлға келсек, олар да ұлғайтылмақ. Жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғандар 21 миллион теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін. Алайда ведомствоның нақтылауынша, бұл мәселе әлі де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталады.

Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабына сәйкес жеке деректер туралы заңды бұзғаны үшін ең жоғары айыппұл 2000 АЕК  (8,6 миллион теңге) екенін еске саламыз. Бұл санкция ірі бизнеске қатысты, басқа санаттар үшін айыппұл мөлшері төмен.

Министрлік мемлекеттік дерекқорлардан қандай мәліметтерді жүктеуге болмайтынын нақтыламады. Ең бастысы – жеке деректерді жүктеуді шектеу жоспарланып отыр.

«Басымдық ақпараттық жүйелерді интеграциялауға беріледі, ал деректерді жүктеу тек заңда нақты белгіленген жекелеген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады» деп жазылған жауапта. 

Қазіргі уақытта түзетулер әзірлеу және келісу сатысында. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, олар жеке деректерді қорғау жөніндегі конституциялық норманың логикалық жалғасы ретінде әзірленген, ал бір бөлігі (нақты қайсысы көрсетілмеген) депутаттық бастама аясында ұсынылған.

Еске сала кетейік, азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудан, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы қорғау нормасы 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияға енгізілген.

Биылға наурыздың басынды Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу нәтижесінде жеке стоматологиялық клиникалардың директоры «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-пен жалпы 450 млн теңгеден астам медициналық қызметті сатып алу жөнінде келісімшарт жасағаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар