Қазақстанда сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салынды
Қазақстанда сұйытылған газды автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға тыйым салынды. Шектеу алты ай бойы күшінде болады.
Бұл турплы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеу енгізілгеннен кейін тұрғындар мен көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар отынның осы түріне тез ауыса бастағанын еске салды. 2022 жылы оның ішкі нарықтағы тұтынуы 28 пайызға артса, биылғы тоғыз айда өсім шамамен 200 мың тонна болды.
«Егер ішкі нарыққа айына 130-140 мың тонна қажет болса (әкімдіктердің мәліметі бойынша) маусымға байланысты Энергетика министрлігі жеткізу жоспары аясында 120-130 мың тонна немесе сұраныстың 90 пайызын таратады. Өндіріс орындарындағы жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары кезінде ішкі нарықтың сұйытылған мұнай газына деген сұранысы 15-25 пайызға өтелмейді»,- деп түсіндірді Энергетика министрлігі.
Ведомствода атап өткендей, сұйытылған газды экспорттауға тыйым салу туралы шешім оның тұтыну көлемінің өсуі мен елдің ішкі нарығындағы әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып қабылданған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық