Қазақстан үшінші бітімгерлік контингентін Голан жоталарына жібереді

cover Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясына баруға дайындалып жатқан 3-ші ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бөлімше командирі подполковник Ілияс Алматов жеке құрамның дайындығы халықаралық стандарттарға сай екенін мәлімдеді. Қорғаныс министрі бітімгерлік операцияға қатысу үлкен жауапкершілікті талап ететінін еске салды. 

«Қазақстандық контингент ел басшылығы мен БҰҰ миссиясы қолбасшылығының сенімі мен құрметіне ие. Сіздер елімізді лайықты түрде танытасыздар деп сенемін», — деді Дәурен Қосанов.

Сондай-ақ министр Голан жоталарындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қазақстандық бітімгерлердің қосқан үлесін айрықша бағалады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар