Қазақстан-Қырғызстан шекарасында не болып жатыр?

cover Фото: Бейнеден кадр

Қазақстан–Қырғызстан шекарасындағы кейбір өткізу бекеттерінде жүк көліктері көп жиналып қалды. Бұл жағдай Қазақстан тарапының шекарада жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізуімен байланысты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия мәлімдеді. Қазақстан тарапының мәлімдеуінше, бұл тексерулер уақытша әрі белгілі бір бағыттар бойынша ғана жүргізілуде. Негізгі мақсат – заңсыз тауар тасымалын тоқтату. Өйткені ол елдің қауіпсіздігіне және экономикасына зиян.

Қазақстан Қырғызстанды бауырлас ел, стратегиялық әріптес және одақтас ретінде жоғары бағалайды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас бұрынғы қалпы қалады. Заңсыз тасымалға қарсы күрес екі мемлекетке де тиімді.

Бұл шаралар Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына әсер етпейді. Себебі шекарадағы мұндай тексерулер әр елдің өз құзыретіне жатады. Дегенмен, ЕАЭО елдері арасында кедендік және басқа да бақылаулар алынып тасталған.

Контрабанда елдер арасындағы сенімге нұқсан келтіреді. Сондықтан ЕАЭО аясында заңсыз тауар айналымына қарсы күреске ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта тауарларды бақылау, таңбалау және қадағалау сияқты жүйелер енгізілуде.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар